• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 10:14:19
Алматы
+35°

19 Наурыз, 2019 NEWS

Ұшқын Жамалбек: Мен мұнда жалғызбын, менің туыстарым сіздерсіздер...

"Сен өзің бөлек өскен бөлтіріксің ғой. Өз орманыңа келдің. Енді осы далада ізің қалсың. "

Алматыда әнші, композитор Ұшқын Жамалбектің "Отыздың Ұшқыны" атты ән жинағының тұсаукесері өтті. Орда бұзар отыз жасқа толған әнші "Алашұлы" тобынан бөлініп шыққаннан кейінгі бірқатар алдағы жоспарларымен бөлісті деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

"Мен қазақтың баласы" деп әндеткен Ұшқын Жамалбектің үні мен әуені басқадан бөлек. Өйткені, онда ерекше бояу, өзгеге ұқсамайтын әдемі әуез бар. Қай әнін тыңдасаңыз да, Алтай мен Атыраудың арасын, кең қазақтың асқақ даласын еске салады. Әндерінен мұңды да байқамау қиын емес. 20 жастағы жігіттің Қытай асып өз атамекеніне келгеніне де көп бола қойған жоқ.  Мұнда ешбір туысы болмаса да, Ұшқынның жалғыз емес екенін кешегі кешке жиналған қалың көпшілік дәлелдеп берді. Дегенмен, туғанның аты бөлек қой. Осы кештің барысында әнші ақ жүректі анасына деген сағынышын білдіріп, "мүмкін келесі тойда анаммен бірге қуанышты бірге бөлісе жатармыз" деген тілегін жеткізді. Ұшқынның анасы тұсаукесерге қатыса алмаса да, видео арқылы өзінің баласына деген жүрекжарды тілегін жеткізді. 

–"Балапаным, өзіңе сәлем! Бүгінгі туған күніңмен құттықтаймын. Өмір жасың ұзақ болсын. Армандарыңа жете бер. Отбасыңа амандық, деніңе саулық, жұмысыңа сәттілік тілеймін. Халқыңа берерің көп болсын. Бұдан да биік шыңдардан көріне бер. Бауырларыңмен, балапандарыңмен амандықпен кездесейік. Бүгін қуанышыңа келіп отырған ағаларыңа, інілеріңе, жан-жолдастарыңа көптен-көп алғысымды білдіремін." - деп анасы барша көрерменге сәлем жолдады.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 

Публикация от Ұшқын Жамалбек | UGAIPRO (@ushkyn.zhamalbek_official)

–12 жылдан бері анамды әкеле алмай жатырмын. Енді бір сәті келер. Мен жалғызбын, бұл жақта. Бірақ осында отырған бүкіл қонақтар, туысым сіздерсіздер! Мұнда менің не нағашым, не әкемнің туысы жоқ. Бүкіл өнер адамдары – туыстарым. Мен жалғыз келдім, Атажұртты аңсап келдім. Домбырамды қолыма серік етіп, өнерімізге берік етіп жүрміз,– деді анасын атамекеніне әкелуді аңсаған әнші.

Ата-ана мен туыстарын көру үшін Ұшқын оларға жылына екі-үш рет барып тұратынын, ал ағайын-туманың  Күнес деген жерде тұратынын айтты. Оның айтуынша,  ең көп қазақ сол Күнесті мекен етеді. Онда 160 мың қазақ бар.

–Бар туысымды әкелетін болсам, бір ауданның халқы жиналады,– деді  Ұшқын Жамалбек. 

Кеш барысында Ұшқын Жамалбек көпшілікке таныс өзіндік ерекше әуендерімен қатар, жаңа әндерін, жаңа бейнебаянын, сондай-ақ екі жыл дайындықтан өткізген   UGAI production продюсерлік орталығының  жұмысын таныстырды.  

Кеште Ұшқынның жаңа әнінің де тұсауы  кесілді. Ол Төреғали Төрәлімен  бірге "Тақия" атты жаңа әнін орындады. Әншінің айтуынша, бұл да бір қазақтың ұлттық құндылығын дәріптеуге арналған әуен. 

Осыдан кейін Ұшқын "Еркектің ер болып жүруі үйдегі аппақ жүректеріміздің арқасында ғой",– деп "Аппақ жүрегім" атты әнін орындады, келіншегімен вальс  биледі. 

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 

30 да орда бұзған Ұшқын бауырымның туған күн кешінен естеліктер @ushkyn.zhamalbek_official

Публикация от Әділ Сламxан (@adilslamhan)

Әнші өнердегі  қадамына біраз өзгеріс енгізіпті.  Ұшқынның  мұңды, ұлттық рухты көтерететін әндерін тыңдап үйренген халық, енді әншіні басқа қырынан да байқамақ.  Жақын уақытта UGAI production продюсерлік орталығының қолдауымен  "Басымды қатырма" атты Ұшқынның жаңа бейнебаяны көрермендер назарына жол тартпақ. 

"Отыздың Ұшқыны" лаулаған кешке белгілі әншілер Сәкен Майғазиев, Әділ Сламхан,  Ғаділбек Жанай, Төреғали Төрәлі, Тоқтар Серіков сынды өнер жұлдыздары қатысып, өздерінің ізгі тілектерін білдірді. 

–Сен өзің бөлек өскен бөлтіріксің ғой. Өз орманыңа келдің. Енді осы далада ізің қалсың. Біз өнер өлкесінде бірге жүргеннен кейін бір әке бір шешеден туғандай сыйласамыз. Бірінің маңдайына бір кішкентай дақ, күйе жағылса, соған шырылдап араша түсеміз. Біз бір-бірімізге матанып, байланып қалғанбыз. Сол сияқты менің Ұшқын бауырым да қатарымызға қосылып, өнерде үлкен дүниелер жасап жатыр, Ұшқын, қуанышың құтты болсын." - деп ізгі тілегін білдірді Тоқтар Серіков.

–Бүгін Ұшқын бауырымыздың керемет ән жинағының тұсаукесері өтіп жатыр. Ұшқын өте талантты, бесаспап жігіт. Әншілігі,  композиторлығы, әнді өңдеуі, бәрі де керемет. Болашағы өте зор. Ұшқынның тағы бір қыры оның режиссерлік қабілетінің мықтылығы. Ол біраз бейнабаянды түсіруге түрткі болды. Ұшқынның композициялық қыры оның өзіндік ерекшелігі барын көрсетеді. Оның әндерін бірден аңғаруға болады - деп ағалық тілегін білдірді Әділ Сламхан.

Тоқтар

"Алашұлы" тобынан бөлініп шыққаннан кейін әнші көрерменнің жоғары талабын ескере отырып, барынша шын ықыласымен жұмыс істеуге кіріскенін айтады.

–Бәрі уақыттың еншісінде. Қолымыздан келгенше, жақсы дүниелер жасап, талпынуға тырысып жатырмыз.  "Жыламасын сәбилер" қайырымдылық қорына арналған үлкен жобаларымыз бар. Өнер адамы ретінде  балалардың жыламай, алаңсыз өмір сүруіне  түрткі болсақ деген ниетпен  осы жобаны ұйымдастырдық.  Алдағы уақытта да осындай шараларды қолға алып, түскен қаржыны түгелдей мұқтаж балаларға беретін боламыз,– деп алдағы жоспарларымен бөлісті әнші-сазгер Ұшқын Жамалбек. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір