• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 00:53:46
Алматы
+35°

14 Ақпан, 2019 NEWS

Үш адам қаза тапқан жол апаты: күдікті сол түні әйелімен ұрысып қалған

Сот отырысында барлық тарап тыңдалып, оқиғаның мән-жайы анықталуда

Алматы қаласында өткен жылдың 29 желтоқсанында жантүршігерлік жол апаты болып, үш адам қаза тапқан болатн. Бүкіл елді есеңгіреткен бұл оқиғаға Gelendwagen маркалы көлік мінген кәсіпкер Ильяс Кар себепкер болған. Ол 120 км/сағ жылдамдықпен бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кетіп, Mitsubishi көлігін соғып өткен еді. Жантүршігерлік жол апатында қаза тапқан актриса Шолпан Елгезекова мен оның құрбысы Динара Хамитова және такси жүргізушісінің туыстары апатқа кінәлі дүнген азаматын сотқа беріп, тергеу жұмыстары бір айдан аса уақыт жүргізіліп, жақында оның соты басталды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Сот отырысында барлық тарап тыңдалып, оқиғаның мән-жайы анықталуда. Тілші Ришат Асқарбекұлы өзінің Facebook парақшасында кінәлі азаматтың сол түні әйелімен жанжалдасып қалғанын жазады.

"Бүгін сот тергеуінен белгілі болған мән-жайдың бірі төмендегідей.

Олар "Гранд Опера" мейрамxанасынан шыққан соң, сыртта 5 адам болып, топтасып әңгімелесіп тұрады. Ильяс Кардың туысқан інісі әйелімен және жүргізушісімен, сосын Ильяс өз әйелімен шеткері шығады. Бір уақытта біздің бас кейіпкер жұбайымен сөзге келіп, оны кеудесінен итеріп жіберіп, әлгі қарғыс атқыр көлікке мініп, құйындатып кетіп қалады. Оның бәрі бейнебақылау камерасына жазылып қалған. "Шабандоз" Қабанбай батыр-Наурызбай батыр көшелерінің қиылысынан шығып, Абай-Сейфуллинге дейінгі қашықтықты 4 минутта жүріп өткен. Ары қарайғы жағдай бәрімізге мәлім...

Бәле-жала табан астында деген осы. Жұбайлардың жәй ғана кикілжіңнің кесірі қанша адамға тиді десеңізші. Ильяс ішімдік татпадым дейді. Негізі прокурорлық айыптауда ішкені айтылады. Сонда бағдаршамның қызыл түсіне өтуге не себеп болды?! Сот ертең сағат 15:00-де жалғасады. Оның әйелі де куәгер ретінде сұралады.

Сот әділ өту үшін жәбірленушілерге қоғамдық қолдау қажет. Олардың қатары сирек. Тіпті Көкшетаудан қайтыс болған Динараның жақындары келе алмапты. Ал рөлде болған оралман жігіттің Қытайдан келуі тиіс анасы да төбе көрсетпеді. Тергеу бойынша туындайтын сұрақтарды сот барысында белсенді талқылап, бейтарап қалмаған жөн", - дейді тілші Ришат Асқарбекұлы.

Ұсынған: Назерке Лабихан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір