• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 10:46:11
Алматы
+35°

16 Наурыз, 2019 NEWS

"Үмітті ақтамадың, Димаш!"

"Димаш, Нұр Отан мен Астана мұныт үйретпейді, жаныңдағы қазақбайшыл кеңесшілерді тыңдама!"

Шетелдегі орыс тілді қазақ журналисі Бекжан Ыдырысов америкалық шоудағы Димаштың екі жасөспірімге жол беруін  қатаң сынға алды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.  Ол бұл туралы өзінің фейсбук парақшасында жазды. 

"Димаштың ісі  – қазақбайшылықтың ең сорақы түрі. Тектілік қайда?  Америкалықтар – әр істің соңына дейін барып, бар күшін сарп ететін адамдарды бағалайды . Неге екенін білесіз бе? Өйткені олар еңбекті  бағалай біледі. Ойланып қараңызшы, қаншама адамдар бұл жарысқа бар күшін, уақытын арнады. Олар финалдан нағыз екі мықты деген талантты көргісі келді. Продюсерлер, режиссерлер, костюмер, гример, оператор, музыканттар жүздеген адамдар осы үшін тер төкті. Ал, сол еңбектің қайтарымын өздеріңіз де көрдіңіздер. Бұл - жай ғана шоу! 

Осы шоудың арқасында бүкіл көрермен Димаштың істеген қазақпайшылығын көрді! Бұл дегеніміз сол еңбек еткендердің бетіне түкіргенмен бірдей ғой. Халық ең мықтыны көргісі келді.  Бірде - бір америкалық Димаштың ақтық мәреге келгенде дәл осылай жобадан шығып кете салатынын күткен жоқ. Сен үшін қанша сарапшылар сол жерде бар уақытын арнады, сен үшін,  Димаш!  Сен де соған лайықты түрде жауап қайтаруың керек еді. Сен өзіңнің бекзаттылығыңды, мәрттігіңді  ғана көрсеткің келді. Міне, бұл нағыз қазақпайшылықтың белгісі. Бұл жай ғана ақымақтық. 

Ал енді мұның салдары туралы ойланайық. Америка халқы Димаштың неліктен мұндай шешімге келгендігін түсінбей дал болды. Негізінде олар соңғы шешуші сәтке келгенде барлығынан   бас тарта салатын адамдарды мүлдем түсінбейді. Меніңше,  АҚШ-тың ешбір  продюсері осы жағдайдан кейін Димашпен жұмыс істегісі келмейді. Дәл қазіргі уақытта Димаш кәсіби даму жағынан ұтылды. Қазір Димашта не бар, ойлап қараңызшы. Ерекше дауыс пен талант қана бар. Болды. Өзінің бірегей репертуары бар ма? Жоқ. Бірегей концерттік бағдарламасы бар ма? Жоқ. АҚШ-тағы осы шоудан кейін осының бәрі Димашта болар еді. Бірақ... Қалай десек те америкалықтар шоу-бизнестің шын шеберлері емес пе?!

Димаш бұл жоба арқылы жаңа белеске көтеріле алатын еді. Қытай продюсерлері Димаштан үлкен үміт күткендіктен, оны Лос-Анджелеске баруға ұсыныс жасады. Енді олардың бар үмітін  кәдімгі қазақпайшылық жоқ қылды. Димаш тек әлем алдында бір мақтанып қалды. Ал  шындығына келсек, менің ойымша, Димашқа мұндай қазақпайшылық бір нәрсе ғана  береді: партияға мүше болу, Назарбаевпен қол ұстасып суретке түсу, өзінің заңды жеңісінен бас тарту... Не үшін? Кім үшін?!

Димаш, айналайын! Сенің жолың – адамдарды өз талантыңмен қуанту, дауысыңмен, әніңмен қуанту! Ол үшін еңбектеніп қана қоймай, нақты мақсат қойып, соған жетуге ұмтылу керек, басқа адамдардың еңбегін бағалауды үйрену керек! Нұр Отан мен Астана мұны үйретпейді. Жаныңдағы қазақпайшыл кеңесшілеріңді тыңдама!  Дәл сондай кеңесшілердің кесірінен қазақтар әлі күнге дейін өркениеттен алыста жүр. Мен Нью-Йоркте өзімнің әрбір жолаушыма сенің әндеріңді тыңдататынмын. Бірақ сенің әрекетіңнен кейін әндеріңді тыңдағым да келмей қалды. Өкпем қара қазандай. Ақылмен шешім қабылдағаның жөн!", – деп жазды Бекжан Ыдырысов

Еске сала кетсек, қазақстандық әнші Димаш Құдайберген америкалық The World's Best байқауынан өз еркімен шыққан еді. Жартылай финалда "Adagio" әнін шырқаған Димаш  финалда өзінен жасы кіші екі әншіге – қазақстандық  Данэлия Тулешова мен үндістандық Лидиана Надхасварамаға жол бергісі келетіндігін мәлімдеген. Аталмыш байқауда үндістандық пионист Лидиана Надхасварам жеңімпаз атанды. 

Бекжан Ыдырысовтың Facebook парақшасынан

Ұсынған: Фариза Жомартқызы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір