• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 19:19:37
Алматы
+35°

01 Мамыр, 2019

Ұлттық тәрбие - ұрпаққа ұлағат

Әдет-ғұрып, мәдени дәстүрлерді берік сақтай отырып, "киіз басу" технологиясын көрсетті.

Ұрпақ тәрбиесі –ұлт болашағы. Таразда "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында "Ұлттық жаңғыру - туған жер тұтастығы мен ел болашағының негізі"  тақырыбында семинар  өтті. Семинарға ғалым педагогтар мен ұстаздар және тәрбиешілер қатысты.  Онда өскелең ұрпақ бойына патриотизмді сіңіру, туған өлкенің құндылықтарын дәріптеу бағыты қамтылған деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Тараз арнасына сілтеме жасап. 

Педагогтар арасында өткен семинар тәжірибе алмасуды көздейді. "Туған жер" бағдарламасы  бойынша мектеп жасына дейінгі балалардың рухани танымын қалыптастыру. "Айсәуле" бөбекжайында 2013-2017 жылдары ғылыми экспермименттік "Өлкетану" жобасы жүргізілген болатын. Енді міне, сол жобаның негізінде мұнда түрлі байқаулар, тәжірибелік сабақтар үзбей өткізіліп келеді.

"Семинарда жиырмадан астам мектепке дейінгі білім мекемелерінің басшылары қатысып жоағры білікті мамандармен  тәжірибе алмасты. бала тәрбиесінің жаңа форматы практикалық тұрғыда талданды. Балдырғандар  "Айша бибі" сахналық қойылымын тамаша сомдап, "Отан АНА", "Көктем" композицияларын еркін ойнап шықты. Осындай сан қырлы  сабақтар арқылы "Мәңгілік ел" ұрпағының рухани болмысын  қалыптастыру басты міндетіміз- дейді, ұйымдастырушылар", - дейді ТарМУ доценті Ырысты Керімбаева.

"Семинар барысында  ұстаздар баламен жұмыс жасаудың тың тәсілдерін ұсынды.  Әдет-ғұрып, мәдени дәстүрлерді берік сақтай отырып, "киіз басу" технологиясын көрсетті. Енді, педагогтар   ұлттық тәрбие берудің заманауи үрдістерін  әрі қарай дамытуға ниеттті", - дейді бөбекжай меңгерушісі Нұрзада Мамбетова.

Ұсынған: Әділет Мәдениет

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір