• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 18:56:09
Алматы
+35°

09 Тамыз, 2018

Ұлттық музейде Пабло Пикассоның бірегей  көрмесі ашылды

Пикассоның бұл жұмыстары – авторлық керамиканың алғашқы тәжірибесі емес.

2018 жылғы 8 тамызда ҚР Ұлттық музейінде ХХ ғасырдың ең танымал және беделді шеберлерінің бірі – Пабло Пикассоның бірегей  көрмесі ашылды.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырған «Пабло Пикассо. Воллористік Селестина мен керамика» экспозициясы Астананың 20-жылдығына орай өткізілді.

National museum

Көрменің ашылу салтанатында сөз алған ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы: «Астана қаласының 20 жылдығына орай арнайы ұйымдастырылған «Пабло Пикассо «Селестина және Валористық керамика» халықаралық көрмесі –  шоқтығы биік мәдени шаралардың бірі. Ұлттық музейдің ашылғанына аз ғана жылдар болса да, осындай дүниежүзіне белгілі тұлғалардың көрмесін осы жерден көріп жатырмыз. Ол біз үшін үлкен қуаныш. Пабло Пикассо –  тек сурет өнерінің ғана емес, сонымен қатар, бүкіл тіршілік көшінің, жалпы адамзаттың дамуына үлкен үлес қосқан тұлға. Мына ғажайып әлемнің сұлулығын қылқаламмен қағаз бетіне түсіріп, оған ерекше әр бере білу екінің қолынан келетін іс емес. Сурет өнері – табиғат тарту еткен талантты жандарға тиесілі десек, Пабло Пикассо сондай талант иесі», –  деді.

Арыстанбек Мұхамедиұлы

Көрме барысында қала қонақтары мен тұрғындары көркем  керамика мен Пикассо гравюраларының сирек көрсетілетін коллекциясын тамашалауға мүмкіндік алды. Құмыралар, табақшалар, сауыттар, ертегідегі құстар мен мифтік жаратылыстар – ұлы шебер Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін тұрақтаған Францияның оңтүстігінің ғаламат шуақты пейзаждарындай көз тартады.

Италияның Қазақстандағы елшісі Паскуаль Д,Авино: «Бүгінгі шараның ұйымдастырылуы мен үшін үлкен қуаныш. Осындай мәдени шаралар түрлі ұлттардың бір арнада тоғысып, өзара тілдесуіне, түсінісуіне себеп екені анық. Ұлттық музейге қойылған бүгінгі көрменің маңызы зор. Әлемге әйгілі Пабло Пикассоның жеке көрмесі Қазақстанда тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр. Көркем туындылар көптің көңілінен шығып, музей қонақтарын қуантады деп үміттенеміз», - деді.

1946 жылы Воллористе жыл сайын өтетін керамика көрмесіне барған Пабло Пикассо, сол жерден шабыт алып, төрт мыңнан аса декоративті керамикалық форма жасаған. Пабло Пикассо таныс заттардың уталитарлығын бірегейлік, даралық пен көркем туындының сиқырлығымен біріктіре алды. Шебер көзеші шарығын пайдаланбаған. Оның сауыттары мен кеселері өзінің әдейілеп жасалған формаларының арқасында әдемі, тұтас және тылсым һәм тартымды архаикалық мүсін өнерін еске түсіреді.  Осы көзтартарлық, мінсіз пішіндерге ой жүгіртіп қарасақ, ғажайып құстар мен аңдардың тіріліп, ал түр-түссіз керамикадан жасалған мүсіндерге жан бітіп, адам кейіпіне енетінін елестетеміз, әдеттегі қарапайым образдар қайталанбас тұтас тарих ретінде көз алдымызға келеді.

Пабло Пикассо

Пикассоның бұл жұмыстары – авторлық керамиканың алғашқы тәжірибесі емес. Воллористік керамиканың бесігі – «Мадура» керамикалық шеберханасы әлі күнге дейін бар.

Мадура шеберханасының бұйымдарын сатып алатын коллекционерлердің туындыларында міндетті түрде Edition Picasso («Пикоссо қолынан шыққан») жазуы мен нөмірі бар. Бұл көрмеге 32 түпнұсқа  экспонат ұсынылды, оларға да жоғарыда аталған белгілер қойылған.

Көрме 2018 жылғы 3 қарашаға дейін жалғасады.

Nurgali Nurtay

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір