• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 02:40:29
Алматы
+35°

10 Қазан, 2018 Оқиғалар

Ұлттық экономика министрі  7 миллион теңгеге Астанадан үй келетініне кәміл сенеді

- Астанада 7 млн-ға үй алуға бола ма? -7 млн-ға, бар шығар, бағасына қарағанда, - дейді Премьер-Министрдің орынбасары Ерболат Досаев.

Жеті миллиондық пәтер! Астанадан дәл осындай бағаға баспана алуға болады. Бұл шененуініктердің сөзі. Онымен қоса, күні кеше ғана  «7-20-25» бағдарламасы аясында еліміздің мемлекеттік қызметкерлеріне 1 миллон теңге көлемінде  сертификаттар таратылмақ. Ақшалай сертификаттар бюждеттік сала қызметкерлері үшін алғашқы жарнаны жеңілдету үшін әзірленген. Ол үшін жергілікті атқарушы органдар кемінде 50 миллион теңге көлемінде ақша бөлуі тиіс. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Бес жылдан бері жылжымайтын мүлік сатумен айналысып жүрген Ғарифолла Қоныс елорданың әрбір ауданын бүге-шүгесіне дейін біледі. Тіпті, нарықтағы бағаны бес саусағындай жаттап алған. Риэлтордың айтуынша, соңғы 5 жылда бас қаладағы пәтер бағасы әлдеқайда өскен. Сатып алушалардың да қатары сирепті. 

2013-2014-пен салыстырғанда 2018 жылы баға 12 пайызға көтерілді. Бұл бір бөлмелі пәтерлердің көтерілгендігі. Сол жағалаудан 14-15 млн, бір бөлмелі, 40 шаршы метр пәтерді алуға болады. Ал енді оң жағалауға өтетін болсақ, ол районына байланысты. Байқоңыр, Сарыарқа аудандарында 8-9 млн басталады. Алматы ауданында 10-11 млн теңге көлемінде» - дейді риэлтор Ғарифолла Қоныс. 

Сол 15 миллиондық пәтердің бірін алған Жұпар Ахметова жуырда ғана қоныс тойын тойлаған.  Қаланың қақ ортасында орналасқан баспананы ұзақ іздепті. Көңілінен шыққаны осы.  39 шаршы метрлік пәтер. Ал жеті миллионға табуға бола ма дегенімізде....

«Жоқ, ондай баға жоқ мүлдем. Ондай болса, екі пәтер сатып алып отырмаймын ба.  Өзім құрылыс компаниясында жұмыс істегендіктен, көп пәтерлерді бәрін салыстырып, барлығының артықшылығын-кемшілігін білгендіктен, осы бағаға, осы районда алғаныма қуаныштымын. Себебі, менің ойымша, маған арзан пәтер жолықты» - дейді қала тұрғыны Жұпар Ахметова. 



Дегенмен Мемлекет басшысының алдында шімірікпей 7 миллион тұрмақ 3 миллионға пәтер алуға болады деген жоғары лауазымды шенеуніктер әлі де айтқанынан таймаған. Ел экономикасының тұтқасын ұстап отырған министрлердің өзі нарықтағы ахуалдан бейхабар сыңайлы. 

- Астанада 7 млн-ға үй алуға бола ма?

-7 млн-ға, бар шығар, бағасына қарағанда, - дейді Премьер-Министрдің орынбасары Ерболат Досаев. 

- 7 млн-ға Астанада үй бар бізде қазір?  

- 7 млн-ға? Әрине, бар.

- Астанада?  

- Астанада однокомнатный бар, - дейді ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов. 

Алайда Астананың 4 ауданынан шарқ ұрып іздеп, 7 миллион тұратын пәтер іздеп таппадық. Тек қаладан тыс жерден іздесті.  

Астанадан 15 шақырым жерде орналасқан «Лесная поляна » тұрғын үй алабынан 7 миллионға сатылатын үй таптық. Ол қандай баспана? Оның шаршы метрі қанша, бірге көрейік!

Қосшы ауылына қарайтын шағын аудандағы қуыстай бөлменің өзі 7 миллионнан басталады. Ас бөлмесі мен қонақ үйі де осы. Пәтер қожайының сөзінше, бұл баға ең тиімді. Себебі нарықта мұндай сомадағы үйдің сапасы сын көтермейді. 

«25,8 кв метров за 7 миллонов.. Мен 25,8 шаршы метрлік пәтерімді 7 миллион теңгеге сатып жатырмын. Ал негізінде баға 11 миллион теңгеден басталады. Қазір сатып алушылар аз. Ал негізінде қаладан мұндай бағада үй алу мүмкін емес» - дейді қала тұрғыны Павел Грязнов. 

Ал халықты қолжетімді баспанамен қамтуы тиіс "7-20-25"  бағдарламасы да Елбасының сынына ұшырағаны белгілі. Себебі, бағдарлама аясында тек 2000 ғана өтініші қабылданған. Мәселені тез арада шешпек болған атқамінерлер небәрі 2-3 күннің ішінде пилоттық  жаңа жобаны әзірледі. Ипотекалық ұйымның мәліметінше, 50 мың бюжеттік қызметкерлерге жыл соңына дейін 1 миллион теңгеден сертификаттар таратылмақ. Ол қайтарымсыз және несие ретінде беріледі. 

«Бұл жердегі біздің жергілікті әкімшіліктер шешетін болады. Қай жерде беріліп, қай уақытта қайтарылатынын. Бұл жерде біздің ұсынысымыз бойынша екі жоба бар. Біріншісі қайтпайтын көмек ретінде беріледі. Екіншісі ұзақ мерзімді несие пайызсыз, қайтарылымы бар, несие ретінде беріледі. Мемлекеттік қызметкерлер деген емес, өзіміздің Елбасымыздың айтқаны бойынша бұл сертификаттарды мұғалімдер, дәрігерлер, полициялар және де әлеуметтік салада істейтін кісілерге» - дейді мемлекеттік ипотекалық ұйымының басшысы Қайрат Алтынбекова.

Қалай десек те, соңғы екі айда еліміздің  үш  қаласында үйдің бағасы күрт қымбаттаған. Оған қоса,  үйді сатып алушылар мен сатушылардың  да қатары азайыпты. Мәселен,  статистика комитетінің  мәліметінше,  бір жылдың өзінде Астанада келісімдерінің саны 2,4 %,  Алматыда 12 пайызға дейін қысқарған. Ал мамандардың сөзінше тұрғын үйдің бағасы мұнымен тоқтамайды. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір