• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 00:43:37
Алматы
+35°

07 Қыркүйек, 2018 Тәлім мен тәрбие

Ұлым, сен де жігіт болып келесің..

Сенің айбыныңнан көл толқуын тоқтатып, жел соғуын тоқтатындай болсын!

Ұлым, сен де жігіт болып келесің.. Анаң сенің шашасына шаң, жүрегіне кір жұқтырмайтын жақсы да, жайсаң азамат болып, ер жетуіңді қалайды..

Ең бірінші, ақылды намысты, айбынды, арлы бол балам!

Ақылыңды асырып, кемшілігің болса түзетуге тырыс..
Ақылды жігіт атқа да мінер,
Таққа да мінер..
Бар ақылыңды орынды жерде пайдалана алсаң, арман еткен сансыз қиялыңның бəрі шындыққа айналады..

Өмір болған соң, сенің жолыңда небір қиындықтар кездесуі мүмкін.. Жігеріңді жасытып, кеудеңдегі отты өшіргісі келетін адамдар болады..Ондай кезде намысыңды жаны, басыңды тік ұста, нар кеудеңді ешқашан еңкейтпе..
Намыс-ер жігіттің көркі..
Жақсы жігіт - намысының құлы..
Соны ұмытпа!

Өжетте, айбынды бол балам..Сенің айбыныңнан көл толқуын тоқтатып, жел соғуын тоқтатындай болсын! Бірақ айбының мен арыныңды жақсылық орнату үшін ғана пайдалан! 
Айбынды ер-арамдықтан алыс тұрар,
Жақсылықты жасасуға дайын тұрар..

Ең керегі, арлы бол, адал бол! Өмірде не нəрсе жасасаңда адалдықпен жаса.. Арың таза болса барлық жерде жеңіске жетесің!
Адалдық - арымен жеңер..
Арамдық - дауымен жеңер..
Адалдықтың айнасына шаң жұқпайды..

Жетпіс жұрттың тілін, алпыс жұрттың ділін білетіндей,білімді бол! Ешқашан білдім, болдым деп кеудеңді көтерме!Қанша білсеңде, үйренуден,ізденуден жалықпа!
Білімсіз ұл - жұпарсыз гүлмен тең,
Білімді ұл - жотасы биік шыңмен тең..
Мұны да ұмытпа..

Еліңді,тіліңді, ұлтыңды,дініңді құрметте!
Еліңді қастерлеп, жауынан қорға!
Тіліңді қадірлеп, қасиетке бала!
Ұлтыңды ұлық ет, халқыңа қызмет ет!
Жақсы ұл-елінің қамын жер,
Жаман ұл-елінің малын жер..
Жақсы ұл-ананың ай-күні,
Жаман ұл-ананың сор-мұңы..
Осыны есте сақта, құлыным!

Ешқашан ешкімге жамандық тілеме..Тіпті жауыңа да.. Барлық жанға мейірімді бол.. Ешкімді алалама.. Бай-кедей,бар-жоқ деп бөлме! Жамандыққа-жақсылықпен қайтарым жасауға тырыс.. Адамнан сый алмасаңда, Жаратқаннан үлкен сый аласың!

Ұлым менің! Анаң сенің бұл дүниедегі ең ақылды, ең əділетті, ең мейірімді бала екеніңе ешқашан шүбə келтірген емес..Сонда да, сенің болашағыңа керек болар-ау деп ой түйген сөздерімді, шамам келгенше саған түсіндіруге тырыстым..Анаңның қаламына ілікпей қалған саған керек дүниелердің, сенің өз бойыңнан табылатынына мен имандай сенемін, күнім...

Ұлдан Қойшықызы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір