• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 18:17:06
Алматы
+35°

16 Қазан, 2018 Ғылым-білім

Ұлы Дала Елінің «жылауық» жас ақындарына не жорық?!

Тілімізге тиек болған Иосиф Бродскийдің мына өлеңін жетесіне жеткізіп аударған жас ақынға арнайы сыйлық бар екенін ескертемін.

-Әкім Әсет Өрентайұлы Астана туралы жазбаңды берді. Елорданың 20 жылдық мерейтойына әдемі деректі фильм шыға ма, сөйлес деген соң арнайы шақырдым, - деген орынбасары Ермек Аманшаев.
-Әдемі фильмге әдемі бюджет қажет болар,- дедім. 
Ол бір апта бұрын “КазПравда” газетінде жарияланған мақалам еді.
-Бір аптаға командировкаға жүремін. Келгесін өзім хабарласам, сценариіңізді пысықтай беріңіз, - деген Ермек замандас.
Жақсы сөз жан жадыратады. 
Ермек Әмірханұлы мемлекеттік қызметкер ғана емес, талантты жазушы, драматург, эссеист. Кабинетінде шәй ала отырып шығармашылық туралы әңгіме қозғадық. Орыс және американ ақыны, драматург, эссеист Иосиф Бродскийді зерттеп, үлкен дүние жазып жүргенін айтты. Нобельдік сыйлықтың лауреаты Бродский менің де сүйікті ақыным. Мәскеуде өтетін поэзия кештерінде, оның жеңіс маршалы Жуковқа арнаған бес шумақ өлеңін орыс мәдениетінің атақты тұлғаларының атақтылары таласып оқығанын көргенім бар. Бұл өлеңі Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңістің құны қаншалықты ауыр екендігі өлеңмен өрнектелген классика, сұмдық поэзия үлгісі. 
Ерекең Бродскийді жазып, оны театрлар қойып жатса, оған алдымен жас ақындарымыздың барып көруі парыз...
Иосиф Бродский Ленинградта туып, 1975 жылдары АҚШ-қа жер аударылған лирик ақын. Совет поэзиясының рухани жаңғырығы. Эссеист әрі аудармашы. Ұзақ жылдар Американың университеттерінде әдебиеттанудан лекция оқыған. Қазіргі заманғы поэзияның қандай бағытта дамитындығы туралы жазбалары керемет. “Әлемде поэзияны сүйіп оқитындар 1%. Сол бір пайызды төмендетіп алмау ақындардың міндеті” дейді.
Бродскийдің шығармашық жолымен танысқанда біздің де жас ақындар эссе жазып, әлемдік деңгейдегі шетелдің ұлы ақындарын аударып, тәжірибе жинаса деген ой келеді. Бродскийдің “елуден асқанда ғана адам философияны түсіне бастайды” деген қағидалары бар. 
Қазақ радиосын басқарып жүргенде, ақын Несіпбек Айтұлының қайта-қайта ескертуімен “жылауық” әндер мен өлеңдерден эфирді тазартқандай болғанбыз. Аяғы әлеуметтік желілерде атымызға “тисе терекке, тимесе бұтаққа”, келсін-келмесін ұр да жық тиісулер қаптаған соң қарқынды бәсеңдеткенбіз. Сол туралы Несіпбек ағамызбен сөйлескенімде “мен фейсбуктегі парақшамды жауып, көзім ашылып, құлағым тынышталды” деген. 
...Данышпан Абайдың:
Шортанбай, Дулат пенен Бұқар жырау,
Өлеңі – бірі жамау, бірі – құрау.
Әттең дүние-ай, сөз таныр кісі болса, 
Кемшілігі әр жерде көрініп тұр-ау!- деген әйгілі жолдары туралы мықты әдебиетшілеріміз әртүрлі пәлсапа жазды.
Мақсаттары: «Абайдың ойы, астарлап айтпағы басқа болатын. 
Шортанбай, Дулат пенен Бұқар жырау қазақтың «Өсиетнамалық поэзияның шыңы» деп, ғаламды шарлап философиялық трактаттардан мысал келтіріп, жоқтан бар жасауға тырысады. Басқа амал қайсы.
Өйткені, Абайдың сөзі тасқа қашалған ақиқат, үш жырауымыздың поэзиясы ғаламат. АРЫ ТАРТСА АРБА СЫНАДЫ, БЕРІ ТАРТСА ӨГІЗ ӨЛЕДІНІҢ КЕРІ.
Оның жұмбағы меніңше біреу.
Абай атамыз Шортанбай, Дулат пенен Бұқар жырау мықты ақын екендіктеріне шәк келтірмейді. Сынағаны - онсыз да ынжық, айтқанға көніп, айдағанға жүрген: 
«Қалың елім, қазағым, қайран жұртым, 
Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың. 
Жақсы менен жаманды айырмадың, 
Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың»,- деп, Елінің еңсесін езіп, тек зар заман запыранын үйіп-төгетін Үш жыраудың нигилистік бағыттағы “жылауық” жырларына ғана келіспеген. 
Ғабит Мүсіреповтың: “Жер жүзінде қазақ әйелдерінен басқа бір әйел құдайын қарғай алмайды»,- деп жазғанындай, үш жыраудың кей жырлары сол шаршаған әйелдің шарасыздықтан шыққан шыңғырған зарының әдеби өңделген вариантына келеді. Cол кездегі жыл бойы созылатын жоқтау жылауларын еске түсіреді.
Абай «бірі жамау, бірі – құрау» деп неге шорт кесті дегенге келсек, ұлы ақын «Адамның кейбір кездерінде»: 
Ызалы жүрек, долы қол. 
Улы сия, ащы тіл 
Не жазып кетсе, жайы сол, 
Жек көрсеңдер, өзің біл, -деп өзі жауабын жазып кеткен…

Қазіргі жастар поэзиясы да негізінен “жылауық” өлеңдерден құралатындығын бәріміз айтамыз, бәріміз сынаймыз. 
Шортанбай, Дулат пенен Бұқар жырауды түсінуге болады. Жырлары бодан елі босағада босып жүрген кезінде жазылған. Көз алдындағы көріністер. Замана зарының шежіресі мен көрінісі.
Ал, Тәуелсіз Қазақстан, Ұлы Дала Елінің «жылауық» жас ақындарына не жорық?!
«Жылауық» өлеңдер көбейген сайын эфир де «жылауық» әндерге толады.
Біразы егемендік алған соң өмірге келген. Бәлкім олар Абай атамыздың «сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар қалан» деген сөзіне мән бермей, өз кетігін таба алмай жүрген шығар…
Әңгімеміздің әлқисасы болған Иосиф Бродский де толықтай ақындық жолды таңдағанша он кәсіпті игеріп, әр салада жұмыс істеген. Содан кейін ғана тәңірден ақын болып туған екенмін деп поэзияға бет бұрған.
Нәтижесі – қазіргі 21 ғасырдың жұрт мойындаған ең ұлы ақыны. Әдебиетшілерге берілетін дүниежүзіндегі ең мықты, сыйақысы бір миллион доллар болатын Нобельдік сыйлықтың лауреаты. 
Тілімізге тиек болған Иосиф Бродскийдің мына өлеңін жетесіне жеткізіп аударған жас ақынға арнайы сыйлық бар екенін ескертемін.

«На смерть Жукова» 
Вижу колонны замерших звуков,
гроб на лафете, лошади круп.
Ветер сюда не доносит мне звуков
русских военных плачущих труб.
Вижу в регалиях убранный труп:
в смерть уезжает пламенный Жуков.
Воин, пред коим многие пали
стены, хоть меч был вражьих тупей,
блеском маневра о Ганнибале
напоминавший средь волжских степей.
Кончивший дни свои глухо в опале,
как Велизарий или Помпей.
Сколько он пролил крови солдатской
в землю чужую! Что ж, горевал?
Вспомнил ли их, умирающий в штатской
белой кровати? Полный провал.
Что он ответит, встретившись в адской
области с ними? «Я воевал».
К правому делу Жуков десницы
больше уже не приложит в бою.
Спи! У истории русской страницы
хватит для тех, кто в пехотном строю
смело входили в чужие столицы,
но возвращались в страхе в свою.
Маршал! поглотит алчная Лета
эти слова и твои прахоря.
Все же, прими их — жалкая лепта
родину спасшему, вслух говоря.
Бей, барабан, и военная флейта,
громко свисти на манер снегиря.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір