• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 13:32:51
Алматы
+35°

07 Қазан, 2018 Әлем

UFC президенті: Спортшыларды айыппұл мен жаза күтіп тұр

UFC президенті Дана Уайт Хабибке не үшін белдікті табыстамағанын түсіндірді.

Бүгін тарихта қалатын ғасыр жекпе-жегінде Хабиб Конорды қылғындыру тәсілі арқылы жеңген болатын. Аталмыш жекпе-жектен кейін жанкүйерлер мен Хабибтің арасында дау шығып, ұйымдастырушылар UFC белдігін Хабибке табыстамады.  UFC президенті Дана Уайт Хабибке не үшін белдікті табыстамағанын түсіндірді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

"Мен Конордың командасындағы жігіт жеңіске жеткен Хабибті жекпе-жекке шақырғанын көрдім. Конордың командасы Хабибті балағаттай бастады. Хабиб рұқсатсыз шығып әлгі жігітпен төбелесіп қалды. Қазіргі кезде тергеу жүргізіліп, нақты қандай жағдай болғаны анықталып жатыр. Мен егер Хабибке белдікті табыстасам аренадағы адамдардың не істейтінін көз алдыма елестете де алмаймын. Мұндай жайттан кейін бұл екі спортшы да UFC чемпионатына қатыспауы мүмкін. Әзірге комиссия мүшелері бұл жайттың жай-жапсарын анықтап жатыр. Хабибке ендігі кезекте виза берілмеуі әбден мүмкін. Сонымен бірге екі спортшыға тергеу жұмыстары аяқталмайынша ақша төленбейді. Алдағы уақытта оларды айыппұл мен жаза күтіп тұр. Мұндай жайттың болатынын мен күтпедім. Барлығы күтпеген жерден болды. Хабибтің октагоннан шығып кететінін күткен жоқпын. Олар шынымен бір-бірін жек көреді. Мен Хабибті чемпион деп есептеймін. Хабиб менен чемпиондық белдікті табыстауды сұрады. Бірақ мен қарсы болдым. Себебі аренада 20 мыңға жуық адам болды. Мен олардың да қауіпсіздігіне жауаптымын. Жақын арада екі спортшы да сұқбат беретін болады. Егер Хабиб Конордың қолын алып, "бүгін тарихта қалатын жекпе-жек болды",-деп айтуына болатын еді. Сол кезде бұл жекпе-жек басқаша аяқталып, Хабибтің беделі артатын түсетін еді. Алайда барлығы басқаша аяқталды. Бұл мен үшін ең ауыр түн болды", деді UFC президенті Дана Уайт. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір