• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 19:54:13
Алматы
+35°

12 Қаңтар, 2019 Әдебиет

Түрік профессоры: Түркі әлемін түртіп оятқан «Оян» мотивінің авторы – Міржақып Дулатұлы (видео)

Түркиялық телеарналардың бірінде түрік профессоры түркі халықтарындағы "Оян" мотиві туралы пікір білдірд

Түркиялық телеарналардың бірінде түрік профессоры түркі халықтарындағы "Оян" мотиві туралы пікір білдірді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Аталмыш видеоны Оғыз Доған өзінің фейсбук парақшасына жариялады.

Хүля Қасапоғлы Ченгелден есімді профессор қазақ, түрік және ұйғыр халықтарындағы «Оян» мотивін салыстырды. Телеарна журналисіне берген сұхбатында ғалым  «Міржақып Дулатұлының «Оян қазақ» өлеңі түркі халықтарын санасын оятуда серпіліс әкелді. Қазақстанның тәуелсіздік алуында Алаш қозғалысының тарихи маңызы үлкен. Мұндай жыр  түрік ақыны Мехмет Акиф пен ұйғыр шайыры Әбділхалықта да кездеседі. Тұтастай айтқанда, үш жырда да рух бар. Демек, түркі дүниесіндегі «Оян» мотивінің қайнар көзі – Міржақып Дулатұлы» дегенді айтты.

Әсел Болатқызы

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір