• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 18:30:43
Алматы
+35°

23 Шілде, 2018 Мемлекеттік бағдарламалар

Тұрғындар «е-КСК» арқылы қаржылық есептерден хабардар болып отырады

«е-КСК» мобильді қосымшасының бірнеше пайдалану мүмкіндігі бар.

Аталған жүйенің мобильді қосымшасы арқылы пәтер иелері кооперативінің қаржылық есебі туралы ақпарат алады. Бұл туралы «Елорданы тұрақты дамыту орталығы» компаниясының директорының орынбасары Маканова Аглен мәлімдеді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі digitalkz.kz сайтына сілтеме жасап.

«е-КСК» мобильді қосымшасының бірнеше пайдалану мүмкіндігі бар.   

«Мобильді қосымша, тұрғындарға және қонақтарға арналған, олар бұл қосымшаның ішінде пәтер иелерінің кооперативі, тұрғын үйлер туралы маңызды ақпаратқа қол жеткізе алады. Сонымен қатар бүгінгі таңда көптеген тұрғындардың негізгі сұрақтары – пәтер иелері кооперативтеріне (ПИК) ай сайын төленіп отыратын эксплуатациондық шығындардың қайда кететіндігі көрініп тұрады», – деді А. Маканова.

Бұл жүйе арқылы шешілген басты мәселелер қаржылық есеп шығындары, электронды өтініштер қабылдау т.б. болып табылады. Мобильді қосымшада әр пәтер иесінің өзіне арналған жеке кабинеті болады, жеке кабинетке кіру арқылы өтініштер жіберіп, есептерді қарай алады.

«Пәтер иелері бүгінде ПИК-ке қандайда бір өтініш жібергісі келсе электронды түрде жібере алады. Оның бәрі ПИК-ке автоматты түрде түседі. Одан кейін әр қызметкерге өздерінің ішкі порталдарына қойылған сұрақтар немесе жіберілген өтініштер бойынша жұмыс жүргізіп, тез арада  шешімін тауып кері байланыс жасайды.

Сондай-ақ, мобильді қосымша әлі де толықтырылу үстінде, алдағы уақытта барлық ПИК бір жүйеге келтірілетіндей офиске баруды қажет етпейтін, 1С бағдарламасы арқылы есепті автоматты түрде көрсетіп отыратын жоба дайындалуда.

«Екеуінде қазір байланыс бар.  ПИК қаражаттардың қозғалысын яғни шығындары мен кірістері бойынша ақпараттар автоматты түрде «е-КСК» түсіп отырады. Ол жерде аналитикалық диаграммалар түрінде тұрғындарға ыңғайлы күйінде ақпарат  жеткізу үшін барлық оң шешімдерді қабылдау үстіндеміз. Оның барлығы автоматты түрде жасалып тұрады. ПИК үшін төлемдер күнделікті қабылданып отырады, оның барлығының бөлінісі автоматтандырылған, сондықтан оперативті түрде барлық ақпарат жаңартылып отырады. Одан кейін мұның бәрі тұрғындарға көрсетіледі», – деп айтып өтті ол.

Айта кетелік, «е-КСК» Астана қаласы бойынша барлық аудандарда қолданысқа енгізілген. Бүгінгі таңда қаланың барлық аудандарына таратылуда.  Алдағы уақытта Жастар шағын ауданындағы «Ақылды аудан»  жобасына қатысу жоспарланған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір