• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 03:57:05
Алматы
+35°

16 Маусым, 2018 Әлеумет

Трамп желіні шулатқан суретке қатысты пікір білдірді (фото)

Әлем бойынша қызу талқыланған суретте үстелде отырған Трампқа Германия канцлері Ангела Меркель тесіле қарап тұр.

АҚШ президенті Дональд Трамп «Үлкен жетілік» саммитіндегі желіде таралған суретке қатысты пікір білдірді.

Әлем бойынша қызу талқыланған суретте үстелде отырған Трампқа Германия канцлері Ангела Меркель тесіле қарап тұр. Меркельдің жанында өзге де Еуропа басшылары жиналған. Басшылардың көзқарасы, Трамтың жалғыз отырғаны – әлеуметтік желіні бір шулатқан еді. Өз кезегінде Трамп суретке қатысты пікір білдіре отырып, БАҚ өкілдерін сынады.

«Ангела Меркельмен қарым-қатынасымыз жақсы, бірақ өтірікші БАҚ келіссөз барысынан нашар суреттерді жариялап қойған. Онда құдды бір АҚШ-тың бірде-бір президенті сұрамайтын дүниені талап етіп тұрғандаймын», - деп жазды америкалық басшы Twitter-дегі парақшасында.

Сонымен қатар, Ангела Меркель мен өзге басшылардың күліп тұрған суреттерін жариялап, халықты сендіргісі келгенге ұқсайды.

G7

G7

G7 саммиті 8-9 маусымда Квебек қаласында өткен. Бастапқыда қатысушы елдер ортақ коммюнике қабылдады деп айтылды, алайда Трамп кейінірек бұл құжатты қолдамайтынын мәлімдеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір