• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 19:48:51
Алматы
+35°

22 Мамыр, 2019 NEWS

Трамп ерекше табынушысымен кездесті

Трамптың табынушысы үстіне қабырғаға ұқсас костюм киініп, президентті қолдауға келген

Дональд Трамптың табынушысы үстіне қабырғаға ұқсас костюм киініп, президентті қолдауға келген деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі FOX News телеарнасының YouTube арнасына сілтеме жасап.

Бұл жағдай 21-мамыр күні америкалық президенттің Пенсильвания штатына жұмыс сапарымен барған кезінде болған. Ер адам түгелдей кірпіш қабырға ретінде киініп алды. Сонымен қатар, қолында «#BuildMe»(#МеніТұрғыз) атты плакат ұстаған. Трамп ер адамды жиналған қауымның арасынан көріп, өзіне қарай шақырды. Трибунаға көтерілген ер адам президентпен құшақтасып, қол алысты.



Ер адам әдейі Трампты көру үшін қазіргі таңда Мексикамен шекарада қабырға құрылысы жүріп жатқан Сан-Диего қаласынан келді.

Аударған: Ильдар Адильченов

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір