• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 08:52:30
Алматы
+35°

15 Қаңтар, 2019 NEWS

Төбелестің салдары: Ақтөбелік студент өмір бойы мүгедек болып қалуы мүмкін

Түсінісе алмаған жасөспірімдер зират басында мәселені шешпек болады.

Ақтөбелік студентті төбелес кезінде пышақтап кеткен деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

"бір-бірімен түсінісе алмаған жасөспірімдер зират басында мәселені шешпек болады. Кейін жағдай шектен шығып, жасөспірімдер студентті пышақтаған. Ол ауыр жарақат алып, өмір бойы мүгедек болып қалуы мүмкін", — делінген хабарламада. 

Жасөспірімдердің төбелес кезінде пышақ қолдануы бірінші рет емес екен. Бұған дейін де осыған ұқсас жағдай болған.

1 курс студенті өзі оқыған мектепке қан жоса болып жеткен. Бірден жедел жәрдем шақыруға қорыққан. Ауыр жарақаттанған жасөспірімнің әкесі баласын ауруханаға таксимен жеткізгенін айтты. Әкесінің сөзіне қарағанда, ұлы төбелеске дейін үйде болған.

"Ұлым төбелес болатын жерге шақырған соң барған, сол кезде оны тепкілеп, пышақтап кеткен. Пышақ бір сантиметр жүрекке жетпей қалған. Әйтпесе ұлымнан айырылып қалар ма едім? Әлгі жігіттер маған "ұлыңыз өлген жоқ қой, неге дау шығарып отырсыз?", - дейді. Сонда не ұлым өлуі керек пе еді?", дейді Нұрлан Тенелов. 

Ал дәрігерлер болса баланың аман қалуының өзін ғажайыпқа балап отыр. Себебі жасөспірім көп қан жоғалтқан. 

Ресми деректерге сенсек, төбелеске 4 мектептен 40 жасөспірім қатысқан. Қазір полиция қызметкерлері төбелеске не себеп болғанын анықтап жатыр. 

"Бұған біздің мектептің оқушысы кінәлі емес. Бұл мүмкін емес жағдай. Барлық балалар қашқан кезде, ол да бірге қашып кеткен. Оның қолында пышақ болмаған", - дейді № 22 мектеп директорының орынбасары Назгүл Сардаева. 

Білім басқармасының қызметкерлері әлі күнге дейін төбелеске не себеп болғаны анықталмағанын айтты. 

Денсаулыққа зиян келтіру және ұсақ-түйек бұзақылық ісі бойынша сотқа дейінгі тереу ісі жүріп жатыр. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір