• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 05:23:45
Алматы
+35°

15 Қаңтар, 2019 Әлеумет

Бүкіл республика бойынша «Мектеп асханалары» партиялық жобасы аясында құрамына ата-аналар, «Нұр Отан» партиясы аймақтық филиалдарының өкілдері, БАҚ, ҮЕҚ мен мемлекеттік органдардың өкілдері енген топ оқушылардың тамақтану жүйесін тексерді.

Алғашқы күні партиялықтар мен ата-аналар комитеті тамақтанудың мектептегі жүздеген нүктелеріне инспекциялау жұмыстарын жүргізді, сол кезде бірыңғай ондаған олқылықтардың бар екені анықталды.

Ең алдымен еліміздің мектептерінде тамақтану сапасын күн сайын бақылауға және олқылықтарды анықтап отыруға міндетті сарапшылық комиссиясының есептік құжаттамасы мен белсенділігі тексерілді. Анық болғанындай, көптеген мектептерде олар жұмыс істемейді,  ескертуі бар бірде-бір хаттама немесе олқылықтарды жою бойынша бірде-бір акт анықталмады. Ал шымкенттік мектептердің бірінде комиссия тұтастай сол оқу мекемесінің қызметкерлерінен тұрады, нақты айтқанда,  мектеп асханасын бақылауға тек бір ата-анаға ғана рұқсат берілген.

Одан соң партиялық ведомствоаралық сараптамалық топ мектеп әкімшілігінің кезекшілік кестесінің болуына визуалды тексеріс жүргізді, оқушылардың тамақтану тәртібін тексерді, су ішу тәртібінің сақталуы, қол жууға арналған жағдайдың жасалуы, бекітілген мәзірдің болуы, сондай-ақ, мектеп асханасы рационының бірыңғай стандарттарға сәйкестігі бақылауға алынды, осыған байланысты ескерпелер берілді. Монторингілеудің қорытындысы бойынша нұсқаулықтар мен есептер рәсімделді. Мысалы, ВСТ құрамына кіретін ата-аналар мектеп директорына: мәзірді үнемі ғаламторда жариялап тұру, тағам блоктарына камералар орнату, белгілі журналистер мен блогерлерді сарапшылық комиссиясына қосу сынды ұсыныстарын алға тартты.

«Мектеп асханалары» партиялық жобасының  мерзімі шексіз, сондықтан мониторингілеу әлі де жалғасын табады, ол жиі және үнемі күтпеген жерден жүргізілетін айта кету керек.

–Өткен жылы «Нұр Отан» партиясы тамақтану саласындағы күрделі проблемаларды шешу және ата-аналар комитетінің, асхананы жалға алушылардың, мектеп әкімдігі мен білім беру басқармасының әрекеттерін үйлестіру үшін «Мектеп асханалары» жобасын әзірледі. Бүгінгі таңда мектеп жасындағы балалар арасында ас қорыту ағзаларының ауруы жиілеп кеткендіктен ол осы проблеманың шешіміне айналуы тиіс, – деді «Нұр Отан» партиясының хатшысы Илья Теренченко. 

Оның айтуынша, өткен жылы партия мектеп асханаларында тыйым салынған тамақтар тізімін кеңейтуге қол жеткізді, олар шұжықша, шұжық өнімдері, гамбургерлер, сондай-ақ, жасанды бояғыштары, хош иістендіргіштер, дәмді күшейткіштер мен тәттілендіргіштер екенін айта кеткен жөн. 2018 жылдың  желтоқсан айында Денсаулық сақтау министрлігі осындай өнімдердің жаңартылған тізімін жариялады.

– Алайда бұл тек алғашқы қадам ғана болатын. Әрі қарай осы нормалар мен талаптардың сақталуын қамтамасыз ету маңызды. Сондықтан біздің екінші міндетіміз – еліміздің барлық аймақтарында мониторингілеудің сенімді жүйесін ұйымдастыру, – деді партия хатшысы Илья Теренченко. 

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір