• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 10:51:41
Алматы
+35°

11 Желтоқсан, 2018 Әлеумет

"Тілім үшін өлемін, басқасын да аямаймын" деген Руза Бейсенбайтегі бүгін жалғыз емес

Бүгін Руза Бейсенбайтегі бастаған тіл жанашырлары Павлодар тұрғындарымен бірнеше кездесу өткізеді.

«Тілім үшін өзім де өлемін, басқаларын да аямаймын» деген тіл күрескері керекулік Руза Бейсенбайтегі бүгін жалғыз емес. Оны бар қазақ қолдайды, қолдау үшін республиканың әр аймағынан Керекуге аттанған азамат көп.

Бүгін Руза Бейсенбайтегі бастаған тіл жанашырлары Павлодар тұрғындарымен бірнеше кездесу өткізеді. Мақсаты – павлодарлықтарға мемлекеттік тілдің қадір-қасиетін ұғындыру, тіл үшін күресіп жүрген белсенділердің барын көрсету, ана тілін қолдау, қорғау. Алғашқы кездесу сағат 11:00-де ПМПИ-де өтеді. Ал сағат түскі 14:30-да Павлодар облыстық кітапханасында болмақ.

Руза Бейсенбайтегінің айтуынша, кездесулерге мемлекеттік орган өкілдері мен «тілім!» деген айбынды жастардың бәрі дерлік қатыса алады.  

Кеше Астана қаласынан белгілі заңгер Абзал Құспан бастаған бір топ тіл күрескерін қолдау үшін Керекуге аттанған. Ал Qamshy.kz ақпарат агенттігі ұлт, тіл мәселелерін көтеріп жүрген жанашырларға ақпараттық қолдау көрсетуге қашан да дайын.

Руза Бейсенбайтегі деген кім?

Ол – орыстанған солтүстікте мыңмен жалғыз алысқан тіл жанашыры. Керекудің басшыларынан бастап қарапайым тұрғындарға дейін оның аяғынан шалуға талай әрекеттенген. Алайда Руза ханым құлаған жоқ, еңсесін тік көтеріп, мемлекеттік тілді менсінбейтіндермен күресіп келеді, күресе береді.  Тіпті денсаулығы сыр білдіріп жүрсе де, тоқтаймын деген әйел заты жоқ. Келешек ұрпаққа таза, бай қазақ тілін сол қалпы жеткізуді мақсат тұтты. Сол мақсаты үшін өзін құрбан етуге даяр темір әйел.

Gulim Zhaqan

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір