• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 03:27:29
Алматы
+35°

27 Сәуір, 2019

Теңге латын қарпімен айналымға шықты (видео)

Монеталарды төлем терминалдары, монета қабылдағыштар мен паркаматтарға салғанда қиындық тумайды.

Теңге латын қарпімен айналымға шықты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ktk.kz телеарнасына сілтеме жасап. 

Ұлттық банк таныстырған монеталардың бетіндегі «теңге» және «Қазақстан Респбуликасы» сөзі латын қарпімен жазылған. Темір ақшаның екінші бетіндегі елтаңбадағы «Қазақстан» жазуы да жаңа үлгіге сәйкес бедерленген. Металдың құрамы, салмағы мен көлемінде ешқандай өзгеріс жоқ. Ал, ескі және жаңа теңгенің бірдей қолданыста болатынын айтқан мамандар, барлық төлем түрлері бойынша қабылдауға міндетті дейді.  

Тоғжан Әбішева, Ұлттық Банктің Қолма-қол ақшамен жұмыс жүргізу басқармасының бастығы: - Жаңа монеталар бірте-бірте айналымға енеді. Ескісі де, латын қарпі жазылғаны да заңды төлем құралы саналғандықтан қолдануға шектеу болмайды. Монеталарды төлем терминалдары, монета қабылдағыштар мен паркаматтарға салғанда қиындық тумайды.

Ұсынған: Мақпал Сембай

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір