• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 11:08:14
Алматы
+35°

11 Желтоқсан, 2018 Аймақтар

Тарихи әділдік орнау керек...

Даниал Ахметов журналистердің ономастика мәселесіне қатысты қойған сауалдарына жауап берді

Бұл туралы бүгін, орталық коммуникациялар қызметінде болған брифинг барысында ШҚО әкімі Даниал Ахметов, журналистердің ономастика мәселесіне қатысты қойған сауалдарына жауап беру барысында айтты.

- Біз, әрине, тарихи әділеттілікке жол беруіміз керек! Кешегі кеңестік-коммунистік идеологияның көлеңкелі тұстарынан да халық хабардар болғаны абзал. Мысалы, Голощекин немесе Кировтың кім екенін бәріміз жақсы білеміз және түсінеміз. Сондықтан, тұрғындардың ұсыныс-тілектерін ескеріп, ондай көшелерге жаңа атаулар берілу керек, - деді Д.Ахметов брифингте.

Әкім сонымен қатар Д. Менделеев немесе С. Королев сияқты көшелердің атаулары өзгертуді қажет етпейтіндігін, сол қалпында қалдыру керектігін айтып өтті. Себебі аталған тұлғалардың есімдері бүкіл әлем жақсы біледі. Сол сияқты С.Нұрмағанбетов немесе Құрманғазы сияқты ұлы адамдардың аттарында да көше болуы керек. Көше атауларын ауыстыру жұмыстары ең алдымен заң тұрғысында және жергілікті тұрғындардың келісімі арқылы жасалуы керек.

Мысалға алатын болсақ Өскемендегі Карл Маркс көшесі – Қазыбек би, Семейдегі Ленин көшесі – Мәңгілік ел атауына ие болды - деді ШҚО әкімі.

Айта кетейік, бір ғана, Шығыс Қазақстан облысында сегіз мыңдай көше, мыңнан артық әкімшілік-аумақтық бірлік бар. Олардың басым көпшілігі қазақстандық бірегейлік, тәуелсіздік идеалдары, тарихи маңыздылығы тұрғысынан сәйкестендірілген. Соңғы екі жылдың өзінде 314 көше ауысты. Оның 41 облыс орталығы – Өскемен қаласында. Биылғы жылы облыстық ономастикалық комиссия үш жүздей көшені қайта атау бойынша республикаға өз ұсыныстарын жолдаған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір