• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 15:25:46
Алматы
+35°

07 Желтоқсан, 2018 Аймақтар

Тарихымызды терең танығандаймыз

Елбасымыз Н.Әбішұлының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын барлық ынтаммен, қызыға оқып шықтым

Елбасымыз Н.Әбішұлының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын барлық ынтаммен, қызыға оқып шықтым.

Еліміздің болашағы болып табылатын бүгінгі жас бүлдіршіндерді тәрбиелеп отырғандықтан, ата-бабамыздың жүріп өткен жолдарын, төл тарихымыз туралы, ең алдымен, біздер, ұлт тәрбиешілері білуіміз керек. Сондықтан мақаланы барлығымыз оқып, оны ұжым болып жан-жақты талқыладық.

Мақаланың мазмұны өте терең, әрі мағыналы. Осындағы алғашқы бөлімде даланың жеті қыры туралы қалай керемет айтылған. «Ата-бабамыздың атқа міну мәдениеті», «Ұлы даладағы ежелгі металлургия», «Аң стилі», «Алтын адам», «Түркі әлемінің бесігі», «Ұлы Жібек жолы», «Қазақстан  – алма мен қызғалдақтың Отаны» деген бөлімдерінің әрқайсысына тоқталып, тарихымызды қайта танығандай күй кешкеніміз жасырын емес.

Елбасымыз осынау мақаласы арқылы санамызға сілкініс әкеліп, ерекше рух берді. Мақаладан үлкен ой түйдім. «Атқа міну мәдениеті» маған ерекше әсер берді. Менің табиғатыма жақын десем де болады. Халқымыз қал сұрасқан кезде де «мал-жан аман ба?» деп жатады. Ата-бабамыз төрт түлік деп ерекше қадір тұтуы да тектен-тек болмаса керек.

«Ат – ер қанаты». Небір қиын-қыстау заманда ерлеріміз ат үстінен түспей, жаудан елді қорғады. Ерлер елді қорғаса, жүйрік тұлпар батырларымыздың жан серігі болды.

Мақаланы оқып отырып, тарихымызды қайта оқып шыққандай әсерде болдым. Міне, әлем таныған Қазақстанның үлгілі, білімді, бәсекеге қабілеттілік таныта білетін ұл-қызын тәрбиелеуде біз, ең алдымен, осынау еңбекті өзімізге бағыт беретін бағдаршам етсек, біздің де, біз тәрбиелеп отырған жас ұрпақтың да адаспасы анық.         

Зәбира Әбдікәрімова

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір