• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 16:00:06
Алматы
+35°

18 Маусым, 2018 NEWS

Таразда балалар 6 жастағы бүлдіршінді өртеп жіберді

ІІ және ІІІ дәрежелі күйік алған бала қазіргі уақытта № 2 қалалық аурухананың «Күйік» бөлімінің жансақтау бөлімінде ем алуда.

Таразда балалар 6 жастағы бүлдіршінді өртеп жіберді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

17 маусымда сағат 18:00-де Тараз қаласындағы  Менделеев көшесі, № 35 үйдің ауласында  балалар ойнап жүріп,  2012 жылы туылған  бүлдіршіннің үстіне белгісіз жағдайда тез жанатын сұйықтық шашылып кетіп, денесінің 18 пайызын күйік шалған.

ІІ және ІІІ дәрежелі күйік алған бүлдіршін қазіргі уақытта № 2 қалалық аурухананың «Күйік» бөлімінің жансақтау бөлімінде ем алуда.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, дәрігерлер баланың қазіргі жағдайы қалыпты деп отыр.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір