• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 23:21:13
Алматы
+35°

10 Қаңтар, 2019 NEWS

Сириядан оралған қазақстандықтарды азаматтығынан айыра ма?

Сириядан Қазақстанға оралған отандастарымызды азаматтығынан айыру ісіне қатысты ҰҚК департамент басшысы Бахытбек Рахымбердиев пікір білдірді

6 қаңтар күні «Жусан» операциясы барысында Сириядан Қазақстанға оралған отандастарымызды азаматтығынан айыру ісіне қатысты ҰҚК департамент басшысы Бахытбек Рахымбердиев пікір білдірді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі КазТАГ сайтының мәліметіне сүйене отырып.

-«Азаматтықтан айыру мәселесіне келсек, мұндай ереже Елбасының бастамасымен заңға енгізілген. Қазіргі уақытта қарулы қақтығыс аймағында болып келген азаматтар үшін мұндай шара әзірленіп жатыр. Сот шешімі бойынша жүзеге асырылуы әбден мүмкін. Алайда, 6 қаңтар күні Қазақстанға оралғандар мүлде басқа категорияға жатады. Олар өз еріктерімен елге қайтқылары келетінін айтқан. Ал террористік топқа қатысы бар деп айыпталғандар жазасын Қазақстанда өтейтін болады. Ал кінәсі жоқ қазақстандықтарды азаматтығынан айырудың еш себебі жоқ, жақында оралған азаматтардың көпшілігі кінәсіз», - деп айтып өтті Б.Рахымбердиев.

«Жусан» операциясы барысында елге оралған қазақстандықтардың жетеуі террористік  топқа қатысы бар деп айыпталған болатын.

Айта кетейік, кеше ғана Елбасы Сириядан оралған отандастар жөнінде мәлімдеме жасады.

-«6 қаңтар күні құқық қорғау органдары мен ҚР СІМ бірлесе отырып «Жусан» гуманитарлық операциясын өткізді. Нәтижесінде 47 қазақстандық елге оралды, оның 30-ы кішкентай балалар. Олар белгісіз біреулердің алдауына түсіп, дағдарыс кеңінен жайлаған елге жеткізіліп, сонда террористердің қолында кепілде болған», - деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасы өз сөзінде қазақстандықтарды қай елде болмасын қашан да  қолдауға дайын екендігін жеткізді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір