• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 06:21:34
Алматы
+35°

Ағымдағы жылдың 2 қазанында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Бас прокуратурасының қызметкерлері Қарағандының тумасы Дастан Хайсинді Грекияның Афина қаласынан Астанаға жеткізді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚР ҰҚК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ол 2015 жылдан бастап Сирия аумағында террористік әрекетке қатысқаны үшін халықаралық іздеуде болған.

Хайсинді құрықтау және кейіннен экстрадициялау қазақстандық арнайы қызметтер мен прокуратура органдарының Қазақстан Республикасының Грекиядағы Елшілігінің қолдауымен грециялық серіктестермен жүргізілген жұмыстың нәтижесі болып табылады.

Хайсин қамауға алынды. Тергеу іс-шаралары жүргізілуде.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір