• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 12:22:27
Алматы
+35°

22 Қазан, 2018 Экономика

Стамбұлда қазақстандық кәсіпкерлердің сауда-экономикалық миссиясы өтпек

Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы отандық кәсіпкерлерді Стамбұлда (Түркия) өткізілуі жоспарланған сауда-экономикалық миссиясына қатысуға шақырады.

Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы отандық кәсіпкерлерді 2018 жылғы 5-6 қарашада Стамбұлда (Түркия) өткізілуі жоспарланған сауда-экономикалық миссиясына қатысуға шақырады.

Іс-шараның негізгі мақсаты қазақстандық кәсіпорындар мен қазақстандық кәсіпорындарға арналған әлеуетті сатып алушылардың арасындағы  тікелей байланыстарды реттеу, сауда-саттық қатынастарын белсендіру, сондай-ақ екіжақты кездесулер өткізу болып табылады.

Сауда миссиясы Қазақстанның экспорттық мүмкіндіктерін кеңейтуге, тәжірибе алмасуға және екі елдің кәсіпкерлерінің арасындағы байланыстарды ұлғайтуға, сондай-ақ экономиканың түрлі салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты дамытуға арналған платформа қызметін атқарады. СЭМ шеңберінде Түркия кәсіпкерлерімен В2В келіссөздер жүргізу жоспарлануда.

Кәсіпорын іс-шараға қатысуға ниет білдірген жағдайда, Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының бірінші басшысының атына өтінім-хатты және толтырылған сауалнаманы жолдау қажет. 

Барлық сұрақтар бойынша Әсел Байболоваға хабарласуға болады, тел.: +7 (7172) 27-90-54 (ішкі 207), e-mail: [email protected].

СЭМ-ға тіркелу мына сілтеме бойынша қолжетімді: https://goo.gl/forms/hRM7xFdql5ZH5n263

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір