• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 02:23:06
Алматы
+35°

13 Желтоқсан, 2018 Аймақтар

Сыбайлас жемқорлық деректерін болдырмау мақсатында «Protecting Business and Investments» жобасы жүзеге асырылуда

Бұл серіктестік елімізге жалпы құны 22 млн. долларды құрайтын инвестиция құюда

Бизнесті қорғау, қолайлы инвестициялық жағдай жасау және кәсіпкерлер үшін сыбайлас жемқорлық деректері бойынша қысымдарды төмендету Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің басым бағыттарының бірі болып табылады.

Бүгінгі күні, Агенттік тарапынан ел экономикасына инвестициялардың келуін жеңілдету, бюрократия тәртіптерін және сыбайлас жемқорлық деректерін болдырмау мақсатында «Protecting Business and Investments» жобасы жүзеге асырылуда.

2018 жылдың 12 желтоқсан күні Агенттік Төрағасының орынбасары А.Шайымова аталғанжоба аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеуге алынған «Golden Camel Group LTD» серіктестігіне ат басын бұрып, жұмыс барысымен танысты.

Бұл серіктестік елімізге жалпы құны 22 млн.долларды құрайтын инвестиция құюда. Компания түйе және жылқы сүтін өңдеумен айналысады.  

Айта кетсек, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті ағымдағы жылғы қыркүйек айынан бастап бүгінгі күнге дейін жалпы сомасы 240 млрд. теңгеден асатын 5инвестициялық жобаны сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу туралы инвесторлармен келісімге қол қойды.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір