• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 21:59:35
Алматы
+35°

12 Қазан, 2018 Тарих

Шыңғыс хан сарбаздары тұтқынға түспеген, майдан даласында өлік қалдырмаған

Əлі күнге қазақтар бірге туғанының, бауырларының, аталастарының сүйектерін жат жерде қалдырмай, туған жеріне, кіндік қаны тамған жерге əкеліп арулап жерлейді.

Әлем тарихшылары Шыңғыс хан сарбаздарының тұтқынға түспегенін, соғыс алаңында жаралы адамдар мен өлікті қалдырмағандарын ауыздарының суы құрып жазған және оны жалғандықпен жала жауып, мұны Шыңғыс ханның қатыгездігімен түсіндірген, «бір адам тұтқынға түссе, ондықтың басы түгел алынған» десті. Бұл – қате. Біз ол сұрақтың жауабын мына жолдардан табамыз:

«Мыңдық нояндардың балалары, он жолдасы мен бір інісін ертіп келетін болсын! Жүздік ноянның балалары бес жолдасы мен бір інісін ертіп келетін болсын! Ондық нояндар мәнсапсыз адамдардың балалары үш жолдасы мен бір бауырын ертіп келетін болсын. Сөйтіп, олар өз шыққан жасағынан күш-көліктерін әкелетін болсын! Менің серік-сенімділеріме келетін мыңдық нояндардың ұлдары он нөкері мен күш-көліктерін өз мыңдықтарынан әкелетін болсын!» ("Алтан Тобыш" Алматы – «Өнер» баспасы. 1998 жыл. 92 бет). Әрине бір туған бауырлар, ағайын туыстар мен достар бірін-бірі ешқашан жау қолында қалдырмас еді. Бұған кімнің қандай дауы бар?

Бұл салт Шыңғыс қағанға арғы аталарынан мирас болып қалған. Әлем билеушісі, қазақтың әйгілі қағаны Шыңғыс хан бабамыздың сарбаздары ол салтты мүлтіксіз орындаған.

Бұл салтты біздің қазақ əлі күнге дейін мүлтіксіз қатты ұстанады. Əлі күнге қазақтар бірге туғанының, бауырларының, аталастарының сүйектерін жат жерде қалдырмай, туған жеріне, кіндік қаны тамған жерге əкеліп арулап жерлейді. Қандай қашықтық болса да жеткізеді. Ол артында қалғандардың парызы.

Қазақ баласы үшін бұл парызды орындаудың шегі қойылмаған.

«Кезінде: «Асқар биік тауларым,

Кетемін деген ойда жоқ,

Кетірді дұшпан жауларым» деп күңірене жырлап, тәжік жерінде өмірмен қош айтысқан күрескер ақын, жорық жырауы Қалнияз Шопық ұлының (1816–1902) тілегі арадан бір ғасырдан аса уақыт өткенде қабыл болды, арманы орындалды. Оның сүйегі Маңғыстаудағы Қаратаудың ең биік шыңында орналасқан «Адай Ата – Отпан тау» кешеніне қарасты қорымға алғаш болып жерленді.

Қазақтың сан мыңдаған жылдардан бері жалғасын тауып, үзілмей келе жатқан көкпар ойынының шығу тарихы осыған байланысты. Нағыз көкпаршылар салмағы 50 келіден асатын серкелерді қолданған.  Мақсаты, ат үстінде соғыса жүріп жаралылар мен өліктерді жау қолында қалдырмай, жинап алуға машықтану.

Қожырбайұлы Мұхамбеткәрім, Маңғыстау

Gulim Zhaqan

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір