• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 02:24:49
Алматы
+35°

17 Қазан, 2017 Аймақтар

Шымкенттік шенеуніктер әкім тапсырмасымен қоғамдық көліктерде селфи жасады

Күні кеше Шымкент қаласының әкімі Ғабдолла Абдрахимов өз қарамағындағы шенеуніктерге бір ай бойы жұмысқа келіп-кеткенде қоғамдық көліктермен жүруді тапсырды.

Күні кеше Шымкент қаласының әкімі Ғабдолла Абдрахимов өз қарамағындағы шенеуніктерге бір ай бойы жұмысқа келіп-кеткенде қоғамдық көліктермен ғана жүруді тапсырған еді. Бұл шешімді әкім қызметкерлерінің қала тұрғындары көретін қиындықты өз бастарынан өткізу үшін қабылдаған болатын,- деп хабарлайды  Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Әкімнің бұл шешімін жергілікті басшылық зор құлшыныспен қабылдап, бүгіннен бастап тапсырманы орындауға кірісті. Өздерінің шынында да қоғамдық көлікпен жол жүргендерін дәлелдеу мақсатында естелік селфилер жасады.

http://ztb.kz

http://ztb.kz

http://ztb.kz

http://ztb.kz

Естеріңізге сала кетейік, бұл тапсырма әкімнің өзіне де тікелей қатысты. Шенеуніктердің басты мақсаты қоғамдық көліктерде жүріп қана қоймай, онда орын алып жатқан барлық заң бұзушылықты жазып отыру.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір