• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 22:44:53
Алматы
+35°

14 Қазан, 2017 NEWS

Шымкенттік азамат өзінің 16 жыл бұрын қайтыс болғанын білді

Ұлының туу туралы куәлігін жасатуға барған Шымкент қаласының 25-жастағы тұрғыны құжаттарға сәйкес өзінің 16 жыл бұрын  өліп қалғанын анықтады.

Ұлының туу туралы куәлігін жасатуға барған Шымкент қаласының 25 жастағы тұрғыны құжаттарға сәйкес өзінің 16 жыл бұрын  өліп қалғанын анықтады.

16 жыл өлдіге саналған Бағдат Жұмаділовқа қорқынышты жаңалықты ХҚКО-ның қызметкерлері жеткізген. Құжаттарға сәйкес, ол 16 жыл бұрын қайтыс болған, деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі informburo.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Өлі деп есептелген 25 жастағы азамат қалыпты өмір сүрді: диплом алды, әскерге барып, борышын өтеді, үйленді. Таңқаларлығы сол, өзінің 16 жыл қайтыс болғандардың тізімінде болғанын ұлына туу туралы куәлік жасату кезінде ғана білген.

«Мен тірімін, бірақ құжат бойынша өлген адам екенмін. Осыған дейін ХҚКО-ның қызметкерлері бұл АХАЖ бөлімінің кінәсі деген. Енді қазір жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар орталығын айыптап отыр. Айтуларынша: «Құжаттағы қателікті Қызылорда облысы, Шиелі ауданы жіберген. Бірақ, мен де менің отбасым да ол жақта ешқашан болып көрмеген. Мен сонда Шиеліде қалай өлуім мүмкін?..» - деп Бағдат Жұмаділов тосын жаңалыққа таңғалды.

Мұндай сұмдық қателікті кім жасайды? ХҚКО мен АХАЖ бөлімі кімнің кінәлі екенін айта алмай отыр. Тірі азаматтың өзі де кінәлілерді іздеуге ниетті емес.  АХАЖ бөлімі екі апта ішінде Бағдат Жұмаділовті тірілердің қатарына қосуға уәде етті.

«Біз оның өтінішін жоғары органға – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жібереміз. Солай ғана мәселе шешілетін болады. Ал бұл кісіні қаза болғандардың қатарына кім қосқаны туралы деректер жоқ», - дейді Шымкент қаласындағы АХАЖ бөлімінің өкілі Клара Тілеуова.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір