• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 03:30:28
Алматы
+35°

13 Желтоқсан, 2018 Аймақтар

Шымкентте әскери-патриоттық клубтардың тәрбиеленушілерімен сайыс өтті

Байқаудың басты мақсаты, облыстағы жас армиялық қозғалысты дамыту

Шымкент гарнизоны әскери прокурорының жетекшілігімен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған Шымкент гарнизонындағы әскери бөлімдерге бекітілген  әскери-патриоттық клубтар арасында әскери тақырыбында байқау өткізілді.

Іс-шараға Шымкент қаласындағы С.Рахымов атындағы Республикалық әскери – мектебі және қала мектептерінен құралған әскери-патриоттық клубтардың он бес командасы қатысты.

Байқаудың басты мақсаты, облыстағы жас армиялық қозғалысты дамыту, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің имиджін көтеру және әскери қызметті кеңінен насихаттау болып табылды.

ВС РК

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлеріне қарасты 10216 әскери бөлімінің «Ержүрек» әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушілері үш кезеңнен тұрған сайыста оза шауып, бірінші орынды иеленді.

«Ержүрек» командасы бірінші орынды алуына 10216 әскери бөлімі ардагерлер қоғамының төрағасы запастағы майор Қанат Тимурұлы Сматов және майор Ардақ Жүсіпұлы Жапбарқұлов, майор Батырхан Дуйсенов сынды озық тәжірибесі бар 10216 әскери бөлімі тәрбие және идеологиялық жұмыстары бөлімінің офицерлері дайындық кезеңінде өздерінің біліктілігі мен білімділігін оқушыларға үйтеруінің арқасында болып отыр.

ВС РК

10216 әскери бөліміне бекітілген А.С.Макаренко атындағы № 41 мектеп-лицейінің алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушысы Алдияр Ерасынұлымен әрдайым жастарды әскери – патриоттық тәрбиелеу жүйесі жұмысының тиімділігін арттыру, әскери-патриоттық клубтардың қызметін нығайту бойынша бірлесіп іс-шаралар атқарылып келуде.

Байқау соңында, сайыста жеңімпаз аталған командарларға Шымкент гарнизоны әскери прокуратурасы басшылығы атынан марапаттау қағазымен және бағалы  сыйлықтар табыстады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір