• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 12:35:15
Алматы
+35°

08 Ақпан, 2018 NEWS

Шымкент әкімі «…бүгін өлуге даярмын» деп неге айтты? (видео)

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Нұрлан Сауранбаев халық алдында есепті кездесуін өткізді

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Нұрлан Сауранбаев халық алдында есепті кездесуін өткізді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі rgmedia.kz сайтының дерегін негізге ала отырып. Ол кездесуге 800-ден астам адам қатысып отырғанын айтты. Және бұл кездесу онлайн түрде әкімдік сайтында көрсетілді. 

Кездесуде экс-мәжілісмен, кезінде Оңтүстікте ірі қызметтер атқарған Шалатай Мырзахметов тіл мәселесін көтерді. Естеріңізде болса, қала әкімі Әл-Фараби ауданы әкіміне тек мемлекеттік тілде баяндама жасағаны үшін ескерту жасап еді. Міне, бұл жайт Казнетте қызу талқыға түсті. Осыны назарға алған экс-мәжілісмен:

– Осы шектеу қойған кезде Елбасының тіл туралы саясатын толыққанды қолдап жатырмын деп ойлайсыз ба? Сіз басқарып отырған қаланың 80-90 пайызы өмірде мемлекеттік тілді пайдаланады. Бұл шектеуіңіз көпке топырақ шашу емес пе? Егер БАҚ дұрыс жазбаған болса, оларды кешірім сұрап, қайтадан қате хабарландыру болды деп жазуға әрекет жасадыңыз ба? – деп әкімнен аталған сұрақтарға жауап беруді сұрады.

Қала тұрғындарының сұрағына бірден жауап беруді жөн деп тапқан Нұрлан Ермекұлы сұрақ иелеріне жазбаша түрде нақты жауап берілетінін айтып, Мырахметовтың сұрағына жеке тоқталып өтті.

– Расул Гамзатовтың сөзі бар: «егер менің тілім ертең жойылатын болса, мен бүгін өлуге даярмын» деген. Бұл жерде мен сізге көмекші боламын, аға. Бірге жұмыс істейік, — деп оны жұмысты бірге істеуге шақырды.

Еске салсақ, Qamshy.kz ақпарат агенттігі осы жайтқа байланысты Нұрлан Сауранбаев пен ОҚО әкімі Жансейіт Түймебаевқа хат жазған болатын. Алайда екі әкім де хатымызды жауапсыз қалдырды. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір