• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 17:32:19
Алматы
+35°

19 Ақпан, 2018 Аймақтар

Шығыста Алакөлді абаттандыруға үздік АРТ–жоба байқауы жарияланды

Шығыс –Қазақстанда Алакөлдің сол жақ жағалауын кешенді абаттандыру бойынша үздік Арт- жоба іздестірілуде

 

Шығыс –Қазақстанда Алакөлдің сол жақ жағалауын кешенді абаттандыру бойынша үздік Арт- жоба іздестірілуде. Байқауға қатысуға ниетті құрылыс компаниялары, сәулетшілер, жобалық ұйымдар өз жобаларын ағымдағы жылғы наурыз айының 25 дейін Үржар ауданы әкімдігіне өткізуі керек.

 «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылып отырған байқауға қатысатын еңбектерді саралау үшін байқау комиссиясы құрылған. Комиссияға ШҚО әкімінің орынбасарының төрағалық етуімен сәулет, қала құрылысы, туризм, жерқатынастары, кәсіпкерлік, табиғи рессурстарды пайдалану, әлеуметтік жобаларды үйлестіру, қаржы, экономика, ішкі саясат және қоғамдық бірлестіктерден мамандар кірген.  Жұмыс тобы жобалар мен ұсыныстардың ішінен үздігін таңдайтын болады. Ал байқау ережелерін Үржар ауданы әкімдігі әзірлейді.

- Конкурс ашық болады. Оған сәулеттік жобаларды әзірлеуге еңбек және материалдық ресурстары жететін жобалық мекемелер мен сәулетшілер қатыса алады. Қатысушылар санына шектеу жоқ. Байқауға қатысу үшін қатысушыдан немесе ұйым атынан өтінім мен сәулеттік жоба қажет, — деді баспасөз маслихатында Үржар ауданы әкімінің орынбасары Дидар Хамитов.

АРТ-жоба бәйгесінде геодезия, қолайлы демалысқа қажетті инфрақұрылым жүргізу, эстетикалық сырқы көрініс сияқты басымдылықтарға аса мән берілмек.

-Егер сізде жобаға қатысты жақсы идеяңыз болса, туризмның дамуына сүбелі үлес қосқыңыз келсе байқауға қатысыңыз. Ойыңызда жүрген жоба жүзеге асып, өңірдің ішкі туризмінің  түрленуіне түрткі болуы әбден мүмкін. Сонымен қатар, жеңімпазға қомақты қаржылық сыйлық беріледі, -деді өз сөзінде Шығыс Қазақстан облыстық туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Жасұлан  Сәрсебаев.

    Айта кету керек, Алакөл аймақтағы туризмді дамыту жобасында маңызы зор бағыттардың бірі болып табылады. Биылғы жылы Алакөл жағалауын абаттандыруға бір млрд. теңге қаржы қарастырылған. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір