• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 15:20:37
Алматы
+35°

10 Қазан, 2018 Әлеумет

Шерхан Мұртазаның соңғы өсиет сөзі (видео)

Бір-бірімізге қонақпыз. Дүние өтеді де кетеді, бірақ ақыры қандай болады? Соны ойлау үшін келіп жүрміз...

«Дүние ойлап тұрсаң шолақ екен,

Адамзат бір-біріне қонақ екен.

Бір-бірімізге қонақпыз. Дүние өтеді де кетеді, бірақ ақыры қандай болады? Соны ойлау үшін келіп жүрміз...»

Бұл Шерхан Мұртазаның жұма намаз кезінде айтқан соңғы өсиет сөзі. Видеоны «Асыл арна» телеарнасының директоры Мұхамеджан Тазабек Instagram-дағы парақшасына жариялады.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 

Шерxан Мұртаза атамыздың жұма намаздағы соңғы өсиет сөзінен... #асыларна

Публикация от Muhamedjan Tazabek (@mukhamedzhan_tazabek)

Айта кетейік, 9 қазанда халық жазушысы Шерхан Мұртаза қайтыс болды.

Шерхан Мұртаза 1932 жылы 28 қыркүйекте Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Мыңбұлақ ауылында дүниеге келген. 1955 жылы М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. 

«Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінің, «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің тілшісі, әдеби қызметкері болды. 1963-1970 жылдары «Лениншіл жас» газетінің редакторы. 

Содан кейінгі уақытта «Жазушы» баспасының, «Жалын» альманахының, «Жұлдыз» журналының бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының екінші хатшысы, «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы әрі Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы. 

1989-1992 жылдары «Егемен Қазақстан» газетінің бас редакторы, 1992–1994 жылдары Қазақстан Республикасы мемлекеттік телерадио компаниясының төрағасы болып істеді. ҚР Парламентінің Мәжіліс депутаты болған.

Жазушының әр жылдары «Табылған теңіз» (1963), «Белгісіз солдаттың баласы» (1969), «Ахметжанның анты» (1973), «Мылтықсыз майдан» (1977) повестері, «41-жылғы келіншек» (1972), «Интернат наны» (1974) әңгімелері, «Қара маржан» (1977), бес кітаптан тұратын «Қызыл жебе», «Ай мен Айша» (1999) романдары, шығармаларының төрт томдығы (1990-2000), шығармаларының 6 томдығы, таңдамалы шығармаларының 7 томдығы, «Елім, саған айтам, Елбасы, сен де тыңда» (К. Смайыловпен бірге) (1998), «Бір кем дүние» (2008) кітаптары жарық көрген. 

Оның шығармалары КСРО халықтары мен шетел тілдеріне аударылған. 

Қазақ тіліне Г.Х.Андерсеннің әңгімелерін, венгр халық ертегілерін, Ш.Айтматовтың «Ботагөз», «Қош бол, Гүлсары», «Теңіз жағалай жүгірген тарғыл төбет», «Боранды бекет» туындыларын; Мұстай Кәрімнің «Біздің үйдің қуанышы» повесін, Э.Эрскиннің «Марыкчан балалары» романын, Л.Лагиннің «Хоттабыч қарт» повесін тәржімалады. «Әзиза» пьесасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің грантын жеңіп алды.

Gulim Zhaqan

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір