• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 01:06:49
Алматы
+35°

11 Қазан, 2018 NEWS

Шерхан Мұртазаның қазасына байланысты Таразда көңіл айту орны ашылды

Шерхан Мұратазаны ақтық сапарға шығарып салу рәсімі 11 қазан күні Алматы қаласында өтеді.

Берік Уәли өзінің Facebook парақшасында Тараз қаласындағы "Жеңіс" саябағында көңіл айту орны ашылғанын хабарлады. 

"Алаштың арда азаматы, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, ұлтымыздың аяулы перзенті, қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы, Жамбыл облысының тумасы Шерхан Мұртазаның қазасына қайғырып, бақилық болған халық сүйіктісін құрметпен еске алғысы келген жамбылдық тұрғындар үшін Тараз қаласындағы Бауыржан Момышұлы атындағы "Жеңіс" саябағында көңіл айту орны ашылды. Онда әйгілі жазушының портреті қойылып, гүл шоқтарын қоям деушілер үшін арнайы орын əзірленген. 

Естеріңізге сала кетейік, халық жазушысы, қоғам қайраткері Шерхан Мұратазаны ақтық сапарға шығарып салу рәсімі 11 қазан күні Алматы қаласында өтеді. Ал, Тараз қаласының тұрғындары мен қонақтары 11 қазан күні таңғы сағат 10.00-ден бастап "Жеңіс" саябағындағы көңіл айту орнына барып, гүл шоқтарын қоя алады" деп жазды Берік Уәли.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір