• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 16:57:06
Алматы
+35°

15 Наурыз, 2019 NEWS

Шелекте құдыққа түсіп қаза тапқан екі сантехниктің жақындары: Басшылық кінәлі

"Біз өлімге кінәлілердің өз жазасын алғанын қалаймыз. Бірақ бұлар қылмысты ақырында жауып тастай ма деп қорқамыз"

 

Былтыр Шелек ауылындағы орталық ауруханада құдыққа түсіп қаза тапқан екі сантехниктің жақындары олардың өліміне басшылықты кінәлайды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасай отырып.

«Өмірбай құдыққа түскен бойда жан тапсырған. Бірақ, ол жансақтау бөлімінде алты сағат жатты. Өліп қалған соң, оны қасындағы әріптесімен бірге балконға шығарып тастаған екен. Ауруханаға қызымыз екеуіміз барғанда бізге мән-жайды ешкім түсіндірген жоқ», – дейді марқұм Өмірбай Естемесовтың әйелі Эльмира.

Марқұмның әпкесі де інісі болған жайтқа Шелек ауруханасы ауылшаруашылық бөлімінің меңгерушісі Әркен Үшүровты кінәләп отыр.

«Құдыққа ең бірінші менің бауырым түсіп кетті. Техниканың дамыған заманында кәріз құдығына адамды түсіріп өлтіру не сұмдық? Аркен Ұшыров інімнің жуастығын пайдаланып, оны әртүрлі жұмыстарға жұмсайтын. Тіпті үйінің жұмысына дейін істеткен. Мен інімнің мәйітін көрдім, үсті-басы көгеріп кеткен. Неге бұлар су құбырын қарайтындарды бұрыннан шақырмаған? Біз өлімге кінәлілердің өз жазасын алғанын қалаймыз. Бірақ бұлар қылмысты ақырында жауып тастай ма деп қорқамыз», – дейді марқұм Естемесовтың әпкесі.

Алайда, аурухана ауылшаруашылық бөлімінің меңгерушісі Әркен Үшүров кәріз құдығына түсіп, газдан уланып қаза тапқан екі сантехниктің қазасына өзін кінәлі санамайтынын айтады. Қазір Әркен Үшүров жұмыссыз. Ол былтыр қыркүйек айында өз еркімен жұмыстан кетуге өтініш жазған.  

Ұсынған: Фариза Жомартқызы

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір