• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 09:08:00
Алматы
+35°

17 Наурыз, 2019 Ғылым-білім

Шамшидинова "Қазақстан тарихы" ," Қазақ тілі" және "География" пәндеріне өзгеріс енгізбек

"Балабақша мен мектепте әйелдердің тәрбиесін алған балалар қыз секілді болып барады."

Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова "Қазақстан тарихы", "Қазақ тілі", "География" пәндеріне біршама өзгеріс енгізетінін мәлімдеді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

"Қазақстан тарихы, қазақ тілі және география менталитетке сай болады." - деді Білім және ғылым министрі.

– Біз жалпы мектеп мұғалімдерін қолдауымыз қажет. Балаларымызға дұрыс патриоттық тәрбие беру үшін "Қазақстан тарихы", "Қазақ тілі", "География" пәндерінің мазмұны халықтың менталитетіне сай жүргізіледі. Мектепте білім беруге ер-азаматтарды шақыру керек. Себебі, балабақша мен мектепте әйелдердің тәрбиесін алған балалар қыз секілді болып барады, – деген пікір білдірді Күләш Шамшидинова.


Еске сала кетсек, 2019 жылдың 25 ақпанында  Білім және ғылым министрі лауазымына тағайындалған Күләш Шәмшидинова келесі жылдан бастап білім жүйесіне "Әліппені" әкелетінін мәлімдеген болатын. 

Ұсынған: Фариза Жомартқызы 




"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір