• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 14:39:37
Алматы
+35°

16 Қаңтар, 2019 Әлем

Сеул бес күнде көк түтіннен сейілді, ал Алматы лас ауаның құшағында әлі тұр...

Таза ауаның бастығы жемқор болса керек, Алматын әлі лас ауаның құшағына көміліп тұр.

Бесінші күн қатарынан Оңтүстік Кореяны қою түтін басты. Тұманды түтін жол қозғалысына кедергі болып, ауаның ластану деңгейі күннен күнге артты. 15 қаңтар күні ластану көрсеткіші екі есеге өсіп, бір текшеметр аумаққа 153 микрограммды құрады. Айта кетейік, ластанудың қауіпті көрсеткіші текшеметріне 76 микрограмды құрайды.

Ал Сеулде ауаның ластану деңгейінің тәуліктік нормасы 118 микрограмға дейін жеткен. Бұл 2015 жылдан бері тіркелген ең жоғарғы көрсеткіш болып отыр.

ауа ластануы сеул

Осыған байланысты Оңтүстік Кореяның 10 үлкен мегаполисінің басшылығы қауіптілікті сейілту шараларын қолға алды. Басшылық қалалардағы көлік қозғалысына шектеу қойып, өндіріс орындарының жұмысын уақытша тоқтатты.

Тұрғындар қазір түтінді ауаның салдарынан денсаулығы нашарлағанын айтып шағымдануда, олар тіпті күні бойы көшеге шықпай, үйде қалуды жөн санап отыр.

Сеул лас ауа

Экологиялық зерттеу институтының мамандары мұндай шаңды тұманның пайда болуына ауа-райының өзгеруі әсер еткен деп болжам жасады. Олардың айтуынша, Қытайдан келген ауа ағыны лас шаң-тозаңмен ұласқан болуы керек.

Сеул қаласының мэрі Парк Вонсун Оңтүстік Кореяға келген лас ауаның 50-60%-ға жуық мөлшері Қытайдан келгенін дәлелдейтін лабораториялық зерттеу қорытындысы барын айтты.

Синоптиктер әлі де бірнеше күн түтін бүкіл ел бойынша сақталады деп хабарлады.

Ауаның ластануы бүгінгі таңда ешкімді таңқалдырмайтыны рас. Енді  Оңтүстік Кореядан өзіміздің Оңтүсік астанаға ауыссақ. Қараша айында Алматыдағы ауаның ластану деңгейі 344 микрограмға жеткен. Бұл – Сеулдегі көрсеткіштен үш есе, қауіптілік деңгейінен 5 есе жоғары. Сол кездегі қала белсенділері қаққан дабыл жоғарыдағыларға әлі жетпеген сияқты. Ал халықтың қою түтінді жұтып, түк болмағандай жүре беретін иммунитеті қалыптасып үлгергендей. Сеул билігі бас-аяғы бес күнде ірі өнеркәсіптердің жұмысын уақытша тоқтатып, лабораториялық зерттеу жүргізіп, тіпті лас ауаның ошағын да анықтап қойған. 

Аirkaz.org сайтына кіріп, Алматы ауасының ластану картасын көруге болады.

ластану картасы

Сайттың деректеріне көз жүгіртсек, бүгінгі күннің өзінде Сейфуллин, Дулатов көшелеріндегі ауаның ластану деңгейі 235 микрограмға жеткен.

Ал Сеулді сергелдеңге салған 118 микрограм екенін тағы да естеріңізге салайық. 

ауаның ластану картасы

Балжан Халық

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір