• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 16:17:15
Алматы
+35°

19 Ақпан, 2018 Әлеумет

Серікболсын Әбділдин: Қазақта рух та, күш те бар. Тек бірлік керек

Алашорданың 100 жылдығына орай мемлекет тарапынан үлкен той ұйымдастырылуы  керек еді.

2017 жылы 25 желтоқсанда Алашорданың құрылғанына  100 жыл толуына орай  Qamshy.kz ақпарат агенттігі  игі жақсылардың басын қосып, «Алаш арыстарының 100 ізбасарын» марапаттаған болатын.

Осы кеште белгілі қоғам қайраткері, саясаткер Серікболсын Әбділдін Алаш ізбасарларының атынан өзінің ықыласын білдірді.

- Ең бірінші жастарға өзімнің сезімім, сенімім туралы айтқым келеді. Алаштың көсемдері білімді адамдар болды. Қай уақытта болсын, білімнің жолы мықты екенін түсіну керек. 100 жыл бұрын болған оқиға қазір жастар тарапынан қайтадан көтеріліп, насихатталып жатқаны, рухани күш үшін қолданылып жатқаны  қасиетті деп есептеймін. Біз талай  қиындықтар мен жолдардан өттік. Кезінде «Ленин жолы» болса, енді «Нұрлы жол» болып жатыр. Келешекте Қазақстанның жолы «Алаш жолы» болса деген ықыласым бар. Алаш жолы мемлекетті күшейтудің ғана жолы емес. «Алаш жолы» – әділет жолы. Ол – білімнің жолы, рухани күш беретін жол, – дейді Серікболсын Әбділдин. 

— Қазақстанда Алашорданың 100 жылдығы өз деңгейінде тойланып жатыр ма?

— Алашорданың 100 жылдығын біз тәуелсіздік алғаннан бастап осы уақытқа дейін жақсылап өткізуіміз керек еді. 25 жылдың ішінде Алаш туралы көп мағлұмат таратуымыз керек еді. Ал 100 жылдығына орай мемлекет тарапынан үлкен той ұйымдастырылуы керек еді. Той деп тұрғаным үлкен дастархан жаю емес. Қазақстан азаматтарына Алаш дәмін татқызып, Алаш қозғалысының маңызын сездіретіндей шара жасалуы керек еді. Өкініштісі, халқымыз мұндай мағлұматтарды ала алған жоқ.

— Жастарға Алаш рухын насихаттау үшін қандай қадамдар жасауымыз керек деп ойлайсыз?

Ең бірінші қадам – қазақтың рухани күшін биік ұстауымыз керек. Екіншіден, мықты ел болу үшін жақсы білім алуымыз керек. Үшіншіден, біз мықты қазақ мемелкетін құрумыз үшін басқаларға еліктеп, жалтақтауымыздың керегі жоқ. Себебі қазақта рух та, күш те бар. Тек бірлік керек. Қазақ біріксе болды, жердің асты да, үсті де байлыққа толы.

Мемлекет қайраткері Серікболсын Әбділдин – тәуелсіз Қазақстандағы Коммунистік партияның алғашқы хатшысы. Ол  ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің он бірінші шақырылымының депутаты, ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасының орынбасары, ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы, Қазақстан Республикасының Парламент мәжілісінің депутаты қызметтерін атқарған. 11-ге жуық ғылыми еңбек пен 6 монографияның авторы.

Nazerke Musa

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір