• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 03:05:08
+35°

28 Сәуір, 2018

"Semei`" телеарнасы тікелей эфирде жас суретшілер байқауын өткізді

Бұл «Semei`» арнасы ұйымдастырып отырған бірінші жоба емес.

"Semei`" телеарнасы Астананың 20 жылдығына орай жас суретшілер арасында "Мерейтойыңмен, Астана" атты байқау ұйымдастырды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Қылқаламды серік еткен 30-ға жуық жеткіншек бас қаланың көрікті жерлерін қағазға түсіріп, еңселі елордаға деген махаббатын перзенттік сезіммен жеткізді. Олардың тікелей эфирде салған суреттері Semeytv.kz сайтына жүктеліп, халық бағалап, дауыс беріп, жеңімпаздарды өздері анықтады. Бір айға созылған байқау мәресіне жетіп, жүлделі орын алған суретшілер  демеуші ұсынған бағалы сыйлықтармен марапатталды.

жас суретші

— Бұл «Semei`» арнасы ұйымдастырып отырған бірінші жоба емес. Ән байқаулары, аналарға арналған шығарма байқаулары тұрақты өтіп тұрады. Бұл сайыстар талантты балаларды шыңдап, елінің патриоты болуға тәрбилейді, — дейді  жоба авторы Нұргүл Құдайбергенқызы.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір