• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 10:25:52
Алматы
+35°

02 Қазан, 2018 Тарих

Самұрықтардың алтын қорыған жері Павлодар десе сенесіз бе?

Павлодар облысы туризмнің орталығы болар еді, егер маркетинг жағын ойдағыдай қолдана білсе.

Туризм десе Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесі, Көкшетау, Бурабай  бірден еске түседі. Бұл жүйелі маркетингтің жемісі. Ал сіз “Алтын қорыған самұрықтар” туралы тарихты естідіңіз бе? Және  осы тарих киноларда көрсететін Памир немесе Тибетте емес, Павлодар жерінде болды десе сенесіз бе?

Ертіс аймағының туризм мүмкіндіктері өзге облыстармен салыстырғанда үлкен потенциалға ие.

Адам баласы жаратылысынан тыйым салынған дүниелерге құмар. Біздің осы құмарлығымыз тіпті жәннаттың төрінен қуып шығарғанын қалай ұмытуға болады.

Қалыпты дүниелер көпшіліктің санасына әсер қалдырмайды. Қазір әрбір адамға күнделікті 1500-нан астам неше түрлі жеңілдіктер, сыйлықтар мен бағалы ұтыстар туралы жарнамалар шабуыл жасайды. Сіз жұмысқа бара жатқаннан бастап үйге келіп, теледидар көріп, тіпті ұйқыға кетем дегенше осындай дүниелердің қоршауында боласыз. Және бір қызығы ол жарнамалар сізге белгілі бір деңгейде әсер етпей қоймайды. Сізге бұрын қораш көрінетін нәрселер уақыт өте келе қалыпты нәрсеге, одан кейін жағымды дүниелерге осылай айналады.

Павлодар облысы туризмнің орталығы болар еді, егер маркетинг жағын ойдағыдай қолдана білсе.

Павлодар облысы аумағын тарихи картинасын жасағанда 7 түрлі көріністі көз алдымызға елестетуге болады.

  1. АЛҒАШҚЫ АЛЫПТАР

Б.з.б. V-VI ғғ.

Бұл Еуразия материгінде алғашқылардың бірі болып түсті металдарды балқытушылар. Бұл аймақтар туралы ежелгі гректер аяғы жетпесе де аңыз қылып айтқан. «Алтынды қорғаушы самұрықтар» аңызының өзі неге тұрады? Көшпенділердің қару-жарақ қоймалары осы аймақтарда орналасқан.

  1. ТҮРІКТЕРДІҢ ЕРТІСТЕН ӨТУІ

VI-VII ғғ.

Өзен атауының Ертіс деп аталуы да осы кезден бастау алады. Мағынасы «Ер аттан түс» дегенді білдірсе керек. себебі Ертіс суын кешіп өту аттылы жолаушыға қиын.

Түріктер осы өзеннен өтіп ғана Орта Азияға жол тартқан. Естемі қағанның әскері Ұлы даланы дүбірлеткен жорық осы жерден бастау алған.

  1. СОҢҒЫ МҰРАГЕР

VIII-XI ғғ.

Біртұтас қағанат ыдырап, шығыста Қытай империясы, батыста мұсылмандар мемлекеті түріктерді ауыр соққыға алып жатқанда түріктер қағанатының мұрагері әрі ең биік лауазымды ұстаған Қимақ қағанаты болды. Оның билеушісі – қаған деп аталды. Ал оғыз, қарлұқ, қыпшақтардың билеушілері үлкен қағаннан  әрқашан бір саты төмен тұрды.

  1. ӘЛЕМГЕ БАҒЫТТАЛҒАН СОҒЫС

XIII ғ.

Шыңғыс хан бастаған моңғолдар осы Ертістің жағасына тоқтап бір тыныстаған. Батыста шетсіз де шексіз Дештінің сайын даласы созылып жатты. Ертіс екі көшпенді мемлекет арасындағы табиғи шекара. Моңғолдардың әлемді бағындыруға шыққан алғашқы қадамы осы Ертіс жағасынан басталды.

  1. ЕРТІС ПАТШАЛЫҒЫ

XVI ғ.

Сібір хандығы деректерде «Ертіс патшалығы» деп аталды. Көшімнің трагедиясымен аяқталған Ертіс патшалығының тарихы. Еуропа халықтарына тұманды көрінген сібірліктер.

  1. СОҢҒЫ ТЫНЫС

XVI-XVII ғғ.

Ойрат тайпаларының Ертіс пен Зайсан өңірлеріне қоныстана бастауы. «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» қасіреті бірден болған жоқ. Ойрат тайпалары одан бірнеше ғасыр бұрын, тіпті Тәуекел мен Есім хандардың кезінде қазіргі Ертіс пен Зайсан көлінің маңына қоныстанып үлгерді. 300 жылға созылып, екі халықтың қанын аяусыз төккен қырғын тура осы жерден басталды.

  1. БІЗ ҰЙЫҚТАҒАНДА...

XIX ғ.

Орыстардың отарлауы. Ертіс айдынындағы алғашқы бу пароходтары.

 

Рысбек Рамазанұлы,

«Әлем халықтары жазушылары одағының» мүшесі, тарихшы

Zhazira Baidaly

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір