• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 22:09:58
Алматы
+35°

11 Наурыз, 2019 Денсаулық

Сәбиді іштен жарып алуға бейім дәрігерлер табиғи босандырудан неге қорқады?

Тірі әйелдердің ішін жарып, баланы алу әдісін алғаш пайдаланған француз дәрігері Амбруаз Паре екен.

Соңғы жылдары дәрігерлер әйелдерді табиғи жолмен босандырудың орнына кесарь операциясы арқылы босандыру жолын таңдайтын болған. Ол дегеніміз ана дұрыс туа алмаған жағдайда баланы ана жатырын жару арқылы алу. Алайда ананың денсаулығына қауіп төнбесе де, дәрігерлер осы жолды таңдауға бейім келеді. Сарапшылар мұның себебін білеуге тырысып көрді. Нәтижесі «Қоғамдық ғылыми кітапхана» басылымында жарияланды.

Зерттеуді Дублиндегі Тринити колледжінің зерттеушілері жүргізді. Сарапшылар 34-ке жуық ғылыми зерттеуді талдады. Ол зерттеулер 1992 жылдан 2016 жылға дейін 20 түрлі мемлекетте жүргізілген.

Нәтижесінде, дәрігерлердің 67 пайызы баланы кесіп алу жолымен босандыратын көрінеді. Себебі бойларында табиғи жолмен туу сәтсіз өте ме деген үрей басым болады. Сәтсіздіктердің салдарынан соттан сота жүгірген акушерлердің қарасы бүгінде көп.

Тағы бір себебі – әйелдерді табиғи жолмен босандыратын қызметкерлер медицина жетіспейді әрі ыңғайлысы да сол. Бір қызығы, бұл әдісті таңдайтын көбіне жасы үлкен дәрігерлер болып шықты.

Ал сарапшылардың пікірі керісінше: дәрігерлер таңдаған мұндай жол әйелдерді күйзеліске душар етуі мүмкін. Зерттеушілердің пікірінше, ондайда қан кету, жұқпалы аурулар жұқтырып алу немесе ішкі ағзаға зақым келтіру қаупі жоғары болады. Ал табиғи жолмен босану – ана үшін де, сәби үшін де пайдалы болмақ. Сол себепті сарапшылар тек ең қажетті жағдайда ғана кесерь арқылы баланы дүниеге әкелуге кеңес береді.

Кесарь операциясы. Тарих

Деректерге сенсек, сәбиді кесарь тілігі арқылы босандыру өткен ғасырларда да қолданылған әдіс екен. Ежелгі Грекия мифтерінде қайтыс болған жүкті әйелдердің құрсағындағы сәбиді ананың ішін кесіп, шығарып алғаннан кейін ғана көмуге рұқсат берілгені айтылады. Мұндай заң өзге де мемлекеттер де қолданылды. Алайда кесарь операциясы арқылы баланы шығарып алу тек қайтыс болған әйелдерге қолданылған.

Тірі әйелдердің ішін жарып баланы алу әдісін алғаш пайдаланған француз дәрігері Амбруаз Паре екен.  Алайда дәрігердің тәжірибесі сәтсіз аяқталыпты. Бірде жүкті әйелдер өлсе, енді бірінде сәби шетінеп жатты. Дәрігердің мұндағы басты қателігі – операциядан кейін жатырды жамамау, яғни үстінен қайта тікпеу. Жатырды тігу тек 5 жылдан кейін қолға алынған. Сол уақыттардан бастап көп мемлекет аталмыш әдісті заңдастыра бастапты. Себебі ондайда ананың да, баланың да аман қалу мүмкіндігі зор болды.

Гүлім Жақан

Gulim Zhaqan

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір