• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 18:09:07
Алматы
+35°

19 Қазан, 2018 Әдебиет

"Сәби жанды тағы бір адам өтті жалғаннан"

Ән әдемі болатын... "Аға-аға!" деп жатып оянып кеттім.

 

Адам баласын ғайбаттамайтын, тек өзінің әдемі ойларымен, ақындық әлемімен өмір сүрген сәби жанды тағы бір адам өтті жалғаннан. Екі жыл бұрын үйінде тұрған Мәшһүр Жүсіп атамыздың жеті томын алып кеп берді. Бұдан былай сенде болсын деп. Былтыр көктемде ауруханадан шыға салып қалт-құлт еткен қалпы маған келіпті. "Ойбай-ау, үйге апармадыңыздар ма?",-дедім ағаның түрінен шошып. Қызы "Сізге барамын деп қоймай қойды",- дейді. Бірер кесе шай ішіп, кішкене жеңілдеп қалдым ғой деп үйіне кетті. Өткенде келіп қоштасып, батасын беріп кетті. Асығыстау едім. Көлікке бірге отырып Гоголь мен Байзақов көшелерінің қиылысынан түсті. Тағы да "Тұлпарың тоқтамасын!" деп есікті ашып біраз тұрды. Иә, қоштастық! "Соңғы сәтте атыңды айтты" дейді жаңа жеңгей хабарласып. Ал мен таң ата түс көргем. Телефонның ар жағынан бір егделеу адам ән салып тұрды да кілт тоқтады... Ән әдемі болатын... "Аға-аға!" деп жатып оянып кеттім. Барып телефонды қарасам "Әбдірахман ағадан айырылыппыз" деген Қалқаман бауырымның хабарын оқыдым. Жүрегім қан жылады! Үш жүзден аса әнге мәтін жазған екен. Әнге мәтін жазатын ақындарды кейде ақын қатарына қосқысы келмейтіндер бар. Шындап қарасақ, нағыз еңбек солардыкі. Әннің әрбір иіріміне сұлу теңеу мен тәтті тіркестерді, шымыр ұйқастарды тауып салу кез-келгеннің қолынан келе бермейді. Ал, мықты жазылған мәтін әннің бағын жандырып, орындаушының да, тыңдарманның да рухын оятады. Әбдірахман аға балаларға арнап өте көп жазды. Бала жанына терең үңілген, тумысында мейірман адам болса осы кісі шығар. Ол шығармалары да он том болып жарық көрді. Мектеп оқулықтарының әр сыныбындағы кітаптарда ол кісінің өлеңдері бар десем қателеспеспін, сірә. Меніңше қандай құрметке де лайық адам.

 

Байғали Есенәлі

Zhazira Baidaly

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір