• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 18:36:00
Алматы
+35°

15 Ақпан, 2019 Тарих

"Ру" дегеніміз не?

Атам қазақтың "руың кім?" дегені – сенің әлемге үлгі болған ең Ұлы атаңның аты кім дегені.

Тегін білген қазақтың бәрі туыс. Қазақ рулары – бір атадан өрбіген туыстас адамдардың жиынтығынан тұрады. Ру атаулары – бір кездегі әкелеріміздің аттары, есімдері, яғни ол өзіңнің тегің.

Ру – Ата деген сөз. Сонау түпкірдегі Адам атадан бері ұрпағының бір-біріне деген мейірімділігі мен ауыз бірлігі үшін жасаған жақсы ісімен ұрпағына үлгі болған, жапырағы жайқалған, алып бәйтерекке айналып, жақсылыққа жарысудан бәйгеден келген, тау тұлғалар ғана ру атын иемденген. Атам қазақтың "руың кім?" дегені – сенің әлемге үлгі болған ең Ұлы атаңның аты кім дегені.

Тек қана «ас ішіп, аяқ босатқандар» және қазақ халқының ұлттық мүддесіне қызмет жасап ұрпаққа үлгі бола алмағандар ру атын иемдене алмаған, иемдене де алмайды. Олардың Ру деген сөзден зәрелері кетіп, қорқатын себептері осыдан. Руға бөліну деген сөзді шығарып жүргендер де солар. Руын білетіндер мен ру атын иемденген Атасының халқының бірлігі үшін жасаған ерен ерлігін біліп, сол үшін мақтана алатындар ешқашан руға бөлінбейді. Олар бірігеді. Бірікенде де араларынан қыл өтпестей болып бірігеді. Себебі, қазақ елінің өзі бірінің ішінен бірі шыққан рулардан (аталардан) тұрады. Осыған сәйкес, ежелгі Қазақтың Ата салтын да бейтаныс қазақтар бірінші кездескенде, амандасқаннан кейінгі әңгіме «Ру сұрасудан» басталған. Ру сұрасқан қазақ міндетті түрде қандас-бауыр, нағашы-жиен, құда-жекжат, қарын бөле, туыс болып шыға келеді. Бұл қағида күні бүгінде де қолданылады. Олар ұлы аталарының не үшін ру атын иемденгендерін жақсы білгендіктен, жақын тумаластар бір-бірімен қыз алыспай, қан тазалығын сақтайтын болады. Руын білмейтін және оның мәні мен мағынасын зерделеуге саналары (ақылы мен білімі) жетпейтін тексіздер ғана руды жамандап, руға бөледі. Бүгінгі аузын ашса руды жамандап, өз қолдарымен жасаған барлық жамандық атаулының бәрін Аталарына апарып телитіндер осы санатқа жатады. Ата-Аналарын қарттар үйіне тапсыратындар тек қана осылардың арасынан шығатынына қандай дау бар?

Қазақтың үш жүзі – үш баласы. Үш жүзге кіретін ру-тайпалар сол үш Атадан, үш Анадан өсіп өнген ұрпақтар, бәрі өзара туыс, бір атадан тарайды. Ақиқаты, Қазақ руға, тайпаға, жүзге бөлінбейді, қазақ сол ру, тайпа, жүздерден құралады.

Бүкіл әлем елдері мен мемлекеттері бастауын Атам Қазақтың «бір рулы елінен» алады.

Бүкіл әлем елдері өз тектерін қазақтың Үш Жүзіне кіретін рулардың ішінен тапса, бүкіл қазақ рулары өз тектерін Қазақтың қарашаңырағы Адай шежіресінің ішінен табады.

«Атасы алыс болғанмен, Жамиғи Қазақ бір туған» деп Базар жырау (1842-1911) атамыз жырлағандай, арамыз алыс болғанмен, бүкіл қазақ бір Атаның ұрпағымыз: бір - бірімізге Ата мен әже, әке мен шеше, аға мен жеңге, іні мен қарындас, нағашы мен жиен, құдандалы жекжатпыз, қандас бауырмыз, туыспыз, доспыз. Ұлы Аталарымыз бізге үлкенді де, кішіні де өзіңнің туған атаңдай көр, деп Адам (Атам, Атам менің); Жәнібекке Жәке, Сәкенге Сәке, Мұқанға Мәке деген де өз әкеңдей құрмет көрсет деп отыр. Абай атамыздың «Адамзаттың бәрін сүй, Бауырым деп» отырғаны да осы өсиет.

Қазақтың Ата салты бойынша бір атаның балалары аталары мен әкелерінің айтқанын тыңдаған. Аталарының айтқан өсиеттерін көзінің тірісі түгілі, бақилық болғаннан кейін де екі етпеген. Ешқайсысы қазіргі кейбір жетесіздер сияқты қарияларымыздың көзін бақырайтып қойып, «Шал», «Әй, шал!» деп сөйлемеген, ата-аналарын қарттар үйіне тапсырмаған. Тапсырмақ түгілі қазақ та ондай түсінік те болмаған.

Тарих тағлымы: Ата салтын ұстанып, тілі мен дінін сақтаған, тегін білген «Тектіден туған текті ұрпақтар» ғана Қазақ ұлтын аман сақтап келеді. Қазақты қазақ етіп бүгінгі күнге жеткізгендер де солар. Бұл қағиданы сақтай алмағандар, «тегінен безген тексіз» атанып, қатардан шығып қалып отырған.

Мәмбеткәрім Қожырбайұлы

Gulim Zhaqan

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір