• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 17:21:02
Алматы
+35°

14 Қаңтар, 2019 Саясат

Ресей-Украина: Сайлауға дейін соғыс болмайды

Ресми Мәскеу Киевтегі саяси режимнің ауысуын күтіп отырған секілді.

Әлемдік сарапшылар әлі де Ресей мен Украина арасындағы қарым-қатынастың жақсаруынан үміттенеді. Бірақ оған негіз бар ма? Кейбір сарапшылар үстіміздегі жылдың 31 наурызында Украинада өтетін президенттік сайлауға үлкен үміт артып отырғанын да жасырмайды. Мүмкін, содан кейін жағдай жақсаратын болар. Десек те...

Екінші бір саясаттанушылар екі ел арасында таяу уақытта соғыс болуы мүмкін деген болжам ақиқатқа сай келмейді деген пікірде. Украина сыртқы барлау қызметінің бұрынғы басшысы, генерал-лейтенант Василий Богдан –«Президенттік сайлауға дейін екі ел арасында соғыс болмайды. Бұл нақты нәрсе» дегенді айтты. Әскери генералдың пікіріне қарағанда, «қазір ресми Мәскеу Киевтегі саяси режимнің ауысуын күтіп отырған» секілді. «Бірақ қандай жағдайға қарамастан, кең ауқымды соғыс басталады» деу ақиқатқа сай келмейді. Егер Ресей әскерлері Украина шекарасына баса-көктеп кірген жағдайда ғана соғыс басталды». Бұл Сыртқы барлау қызметінде істеген бұрынғы басшының сөзі. Дегенмен де, генерал-лейтенант Василий Богданның айтуынша, қазіргі уақытта Украина қарулы күштерінің бас штабы Донбасс аумағын Украинаға қайтаруға қатысты кең көлемдегі операцияны жүзеге асыруға үлкен жоба дайындап жатыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір