• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 09:57:35
Алматы
+35°

17 Ақпан, 2018 NEWS

Рахымжан Отарбаев дүниеден өтті

Оның есімі Қазақстанда ғана  емес, шет мемлекеттерде де танымал

Белгілі жазушы, драматург Рахымжан Отарбаев дүниеден өтті. Оның есімі Қазақстанда ғана  емес, шет мемлекеттерде де танымал. Рахымжан Отарбаев Халықаралық Айтматов академиясының академигі, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Махамбет сыйлығының лауреаты атанған. 

Жазушының «Шер», «Жұлдыздар құлаған жер», «Жайық жыры», «Қараша қаздар қайтқанда», «Дауысыңды естідім» және т.б еңбектері бар.

Жекелеген шығармалары түрік, араб, ағылшын тілдерінде басылған. «Бейбарыс сұлтан», «Бас», «Нашақор жайлы новелла», «Нүржауған-ғұмыр», «Сырым батыр», «Мұстафа Шоқай» сынды пьесалары республикалық және шетел театрларында сахналанған.

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір