• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 10:13:04
Алматы
+35°

04 Қазан, 2018 Ғылым-білім

Ракты толық жазудың ауылы алыс емес немесе бір Нобель сыйлығының тарихы

Аллисон мен Хондзё рак жасушаларын «алдап» иммундік реакцияны бұғаттамауды үйренген.

Америкалық Джеймс Аллисон мен жапондық Тасуку Хондзё медицина саласындағы жаңалығы үшін Нобель сыйлығын алды. Олар онкологиялық аурулардың иммундық терапиясында Т- жасушасын пайдалану әдісін ойлап тапты, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

«Екі лауреаттың жаңалығы ракпен күресте айрықша орын алды», - делінген Нобель комитетінің шешімінде.

Би-би-си медицина саласындағы жаңалықты қысқаша оқырманға түсіндіріп өтті. Оның қазақша нұсқасын назарларыңызға ұсынамыз.

Әдетте біздің иммундік жүйеміз ағзада өзгеріске ұшыраған жасушыларды табады да оның көбеюіне жол бермеу үшін жояды. Алайда рак жасушалары бұл табиғи қорғанысты айналып өте алатын болған. Соның салдарынан ісік тез өседі.

Рактың көптеген түрі мұндай шабуылдан кейін иммундік жасушаларды «тыныштандырып» немесе «тежейді».

Аллисон мен Хондзё рак жасушаларын «алдап» иммундік реакцияны бұғаттамауды үйренген. Бұл емдеу жұмыстарында үлкен жаңалық болды. Ол жаңа дәрі-дәрімек классының пайда болуына септігін тигізді.

Әзірше ол дәрілердің жанама әсері көп. Десе де олар онкологиямен күресте өзінің нәтижесін көрсетті. Кейде рактың ең соңғы түрімен ауыратындар да осы дәрілермен жазылып жатыр. Оларды дәрігерлер бұрын емдеу мүмкін емес деп есептеген.

Жасуша

(Рак жасушаларына шабуыл жасайтын Т-лимфоциты)

«Тежегішті жөндеу»

Ғалымдар ракпен күресте емделушілердің иммунитетін мобилизациялауға болатынын 100 жыл бұрын зерттеген. Алайда тек 1990 жылы ғана ол тәжірибеге енгізілді.

Америкалық Джеймс Аллисон табиғи механизмді тежейтін иммундық негізгі нүктелерді тапты. Ол өзгеріске ұшыраған жасушаларды тауып, жоятын Т-лимфоциттерді тыныштандырады.

Егер бұл механизм жойылса, ағза сау жасушаларды назарға алып, өзін-өзі құрта бастайды. Осылайша сау жасушаларды жояды. Мұндай жағдай аутоиммундық ауруларда болады.

Бірден бірнеше ғалым дәл осы емдеу әдісін зерттеуге кірісіп кетті. Яғни, «тежегішті жөндеу» әдісіне. Бұл 1-ші типтегі диабет, артрит, ұмытшақтық және т.б ауруларды емдеуде жаңалық әкеледі деп күтілді.

Алайда Аллисон ракпен ауыратын тышқандардың табиғи тежегіш механизмін өшіру арқылы керемет нәтижеге қолжеткізді. Енді жасушалар иммунитеттен жасырына алмады. Соның себебінен ракпен күрес жақсырақ нәтиже берді. 

Тасуку Хондзё 1992 жылы иммундық негізгі нүктелердің басқа түрін тапты. Бірақ ол өзгеше жұмыс істейтін. Өзінің жаңалығының арқасында жапондық профессор иммундық терапияның бірнеше әдісін ойлап тапты.

Мұндай емдеу түрінің кері әсері көп болғанымен, өкпе, бүйрек, лимфома мен меланома рагын емдеуде өз нәтижесін көрсетті.

Хондзё гольф ойнауды жақсы көреді. Ол гольф-клубында ер адамның оған келіп өкпе рагын жеңгенін, қайта гольф ойнап, өмірдің тәтті дәмін сезінгені үшін ғалымға алғысын жаудырған.

«Бұл – нағыз бақыт. Мұндай алғыс мен үшін әлемдегі кез келген алғыстан қымбат» дейді Хондзё.

«Өшпес із қалдырған жұмыс»

Қазір Джеймс Аллисон Техас университеті жанындағы ракпен күрес Орталығындағы иммунологиялық бөлімді басқарады. Тасуку Хондзё Киото университетінде иммунология профессоры.

Ғалымдар ұсынған ракты емдеу әдісі науқастарды емдеуде сәтті қолданылып жатыр. Көп дәрі клиникалық сынақтан өтуде. Жақын уақытта ол да қолданысқа енгізіледі.

«Он жыл бұрын метастаздалған меланоманы емдеу мүмкін емес еді. Қазір Аллисон мен Хондзёнің жұмысының арқасында науқастарда емделуге деген үміт бар. Әр үшінші науқас иммундық терапияның арқасында жағдайының жақсарғанын сезсе, кейбірін толық жазған» дейді Рейтер агенттігінің профессоры, Cancer Research UK атты ракпен күрес ұйымының бас дәрігері Чарли Суонтона.

Аллисонның бұрынғы әріптесі, Лондон университеті жанындағы колледждің професорры  Серхио Кесада Нобель лауреаттарын хабарлау шарасын Нью-Йорктегі өткен конференцияға жиналған, зертхананың басқа қызметкерлерімен бірге тамашалағынан айтады.

«Джим мен Хондзёнің жұмысының маңыздылығы сонша, оларға Нобель сыйлығын табыстауын жылдар бойы күткендер көп болды», - дейді ол.

«Бұл терапия барлығына келе бермейді, бірақ көп адамның өмірін сақтап қалды. Ең бастысы рак және басқа да аурулармен күресте иммундық жүйені қалай тежеуге немесе керісінше қалай іске қосу керек деген секілді сансыз сауалдарға жауап берді. Бұл тек бастамасы ғана. Көптеген дәрілерді ойлап табу міндеті тұр», - дейді Манчестер университетінің профессоры Дэн Дейвис.

Assem Almuhanbet

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір