• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 01:56:46
Алматы
+35°

19 Наурыз, 2019 Әлем

"Құдайдың белгісі немесе шайтанның ісі". Иса пайғамбар мүсінінің көзінен қан ақты (видео)

Тұрғындар бұл оқиғаны елдегі жаппай адам адам өліміміен байланыстырды.

Мексиканың Акапулько қаласында бала Иса мүсінінің көзінен қан аққан. Тұрғындар бұл оқиғаны елдегі жаппай адам адам өліміміен байланыстырды.

Бала мүсінінің көзінен аққан қанды тұрғындар видеоға да түсіріп алған.

Шіркеу қызметкерлері мен діндарлар ерекше жағдайдың себебін анықтауға тырысып жатыр.

Тұрғындар жекеменшік үйдің бірінде орналасқан бұл мүсіннің жиі жылайтынын айтады. Жергілікті діндарлар мұны құдайдың белгісі деп отыр. Себебі ауданда қылмыс көбейіп бара жатқан көрінеді.

Куәгерлердің айтуынша, 2019 жыл басталғалы мүсін 4-ші рет жылаған.

Ең алғаш Жаңа жыл түнінде жылаған екен.

Тұрғындардың айтуынша, осылайша бала мүсін елдегі бейберекетсіздікке деген наразылығын білдірді. Ресми органдардың мәлімдеуінше, бүгін әр 100 мың тұрғынның 111-і қастандықтың құрбаны болып отыр.

«Халық пікірі екіге бөлінген. Бірі мұны шайтанның қастандығы деп санайды, енді бірі құдайдың белгісіне балайды. Біз бәрін өз көзімізбен көрдік. Тіпті, мүсін адамдарды көзінше де жылаған», - деді жергілікті тұрғын Соледад Нативидад Флорес.

Тұрғындар мүсінді шіркеуге апаруға қарсы. Алайда шіркеу қызметкерлері істің мән-жайын тексеру үшін мүсіннің шіркеуде болғанын талап етіп отыр. Себебі «мұны адамдар өз мүдделері үшін пайдалануы мүмкін» дейді дін қызметкерлері. Оның үстіне, мүсіннен аққан жас та өтірік болуы ғажап емес.

Ұсынған: Гүлім Жақан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір