• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 17:57:57
Алматы
+35°

09 Қазан, 2018 NEWS

Қоршаған ортаны ластағаны үшін жүк көлігі жүргізушілеріне айыппұл салынды

Есіл аудандық ІІБ ЖПҚ табиғатты қорғау полициясы бөлімшесінің қызметкерлері санкциясыз төгілген қалдықтарды анықтау үшін 6 қазан күні кезекті рейд жүргізді.

Жыл басынан бері Есіл ауданында белгіленбеген орындарда қоқыс төккені үшін 65 ірі жүк көлігінің жүргізушісі ұсталды, деп хабарлайды астана әкімдігінің ресми сайты.

Есіл аудандық ІІБ ЖПҚ табиғатты қорғау полициясы бөлімшесінің қызметкерлері санкциясыз төгілген қалдықтарды анықтау үшін 6 қазан күні кезекті рейд жүргізді. Шара барысында Нұра-Есіл каналының бойы мен Қорғалжын тас жолының бойына құрылыстан қалған қоқыстарды төккен 2 жүргізушіні ұстады.

«Аталған факті бойынша бұзушылардың әрқайсысына 48 мың теңге әкімшілік айыппұл салынды, ал олардың автокөліктері айыппұл тұрағына әкетілді. Қоқыстың «Нова сити» тұрғын үй кешенінің құрылысы жүріп жатқан объектіден шығарылғандығы белгілі болды.

Қоршаған ортаны ластау фактісі бойынша материалдар Экология департаментіне шара қолдану үшін жіберілді», - делінген аудандық ІІБ ЖПҚ табиғатты қорғау полициясы бөлімшесінің хабарламасында.

Жыл басынан бері ауданда белгіленбеген орындарда қоқыс төккені үшін 65 автокөлік ұсталып, 2 млн теңгеден аса айыппұл салынды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір