• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 18:36:01
Алматы
+35°

19 Қазан, 2018 Аймақтар

Қызылорда Қазпоштасы дрондар арқылы сәлемдемелер жіберетін болады

Енді Қызылордалық Қазпошта қызметкерлернің қызметі дрон арқылы іске асатын болады

Енді Қызылордалық Қазпошта қызметкерлернің қызметі дрон арқылы іске асатын болады.

Аталған өңірде «Қазпошта» АҚ тез арада жетуі тиіс қажетті заттарды алыс-шалғай жерлерге дрондар арқылы жеткізуді жоспарға қосып, оны орындау үшін жұмыстар жүргізуде.

Бүгінде еліміздің бірқатар облыстары дрондарды қолданудан көп артықшылықтарға ие болып отыр. Мәселен газет-журналдарды жеткізуге көп шығындалмайды.

«Қазіргі таңда Қарағанды, Астана, Алматы облыстары бұл дрондар арқылы пошта сәлемдемелерін жеткізуде. Дрон 500 км. дейін ұшады. Ол тек газет-журналдар ғана емес сондай-ақ, салмағы 5 килограммға дейінгі шағын сәлемдемелерді де жеткізуге қабілетті. Хат-хабарды автокөлікпен тасымалдауға шамамен 4 сағат уақыт жұмсалса, бұл аралықты дрон бар-жоғы 40 минутта еркін еңсереді. Ең бастысы – үнемді әрі қолайлы. Мұндай дрондарға ұсыныс берілді, 2019 жылға іске қосу жоспарланып отыр», – деді «Қазпошта» АҚ Қызылорда филиалының директоры Аида Әбибуллаева.

Айта кетелік, бүгінгі таңда «Қазпошта» АҚ Қызылорда облыстық филиалының 238 000-нан астам тұтынушысы барлық дерлік қызметтерді пайдалануға мүмкіндік алып отыр.

Былтырғы жылмен салыстырғанда Қызылорда облыстық филиалы басқа облыстық филиалдарға қарағанда ең үлкен өсімге, яғни 12 %-ға қол жеткізіп отыр.

Естеріңізге сала кетелік, қалалық почта торабы басшылары және де Жаңақорған, Шиелі ауылдық пошта бөлімшелері қызметкерлерінің қатысуымен жиын өткізілген болатын. Жиналыс барысында сала бойынша көптеген мәселелер талқыланды. Негізгі сұрақ – сапа жайында болды. Одан кейін жоспардың орындалуы, электрондық коммерция, франчайзинг, тәртіп, біліктілік, шаруашылық мәселелері жайында сөз қозғалып, бірқатар мәселелер қарастырылды. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір