• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 23:14:32
Алматы
+35°

28 Қыркүйек, 2018

Қыркүйектің 29-ы күні орталық музейге кіру тегін

ҚР Мемлекеттік орталық музейі сағат 11.00-17.00 аралығында барша қауымды «Отбасымен музейге!» атты фестивалінде күтеді. Кіру және экскурсиялар тегін.

Қазақстан Республикасының орталық музейі «АБДИ» Компаниясымен бірлесе отырып «Отбасы күніне» орай, 2018 жылдың 29 қыркүйек сағ. 11.00-ден кешкі 17.00-ге дейін «Отбасымен музейге!» фестивалін өткізеді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Орталық мұражай баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін «Отбасымен музейге!» фестивалінің негізгі мақсаты – отбасындағы рухани, мәдени құндылықтарды сақтау, жас ұрпақ тәрбиесін қалыптастыру және отбасы институтын нығайту болып табылады.

Аталмыш мерекелік шара бағдарламасында: викториналық сұрақтар, байқаулар, шеберлік-сағаттар, музей мамандарының ел тарихы, мәдениеті туралы тақырыптық сабақтары мен экскурсиялары жүргізіледі. «Отбасымен музейге!» фестиваліне балалар клубы, шығармашылық академиялар, білім беру орталықтары, бейнелеу студиялары, суретшілер, сәндік-қолданбалы өнер шеберлері, музыкалық ұжымдар және т.б. белсенді атсалысады.

Фестивальдің концерттік бағдарламасын ҚР Халық әртісі, КСРО Композиторлар Одағының мүшесі Мұрат Серкебаевтың басшылығымен, Қазақстанға ғана емес сондай-ақ, көрші елдерге  танымал «Алматы қаласы Әкімінің концерттік оркестрі» ашады. Концертте қазақтың ұлы композиторлары – Құрманғазы, Жаяу Мұсаның атақты классикалық туындылары, опера және балет театры әуендерінің үзінділері орындалатын болады. Концертке Дәрібаевтар отбасы ансамблі, «TRIBAL PRO» этноұжымы (көркемдік жетекші Елена Ким), «Айбын» балалар би ұжымы (көркемдік жетекші А. Құмарова),  Гук отбасылық ұжымы қатысады.   

Бұл күні Музейде: «Қазақстанның флора және фаунасы» (музейдің қор коллекциясынан); «Жанданған мұра» (музей қорындағы қайта қалпына келтірілген экспонаттар); «Орталық  Азия келбеті» (ссуретші Гюзель Закированың туындылары) атты көрмелер болады. Отбасылық сәттер мен балалардың шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатында музейде 29 қыркүйек пен 10 қазан аралығында «Менің отбасым, менің Алматым» атты көрме жұмыс істейді. Көрмеге қаламыздың 19 балалар бейнелеу студиялары, шеберханалар,  бейнелеу мектептері мен өнер мектептерінің жұмыстары қойылады. Атап айтсақ, М. Гречкина  («Жаухар-Шедевр» бейнелеу мектебі); Е. Попова, О. Коломыцева, Н. Резникова, А. Миргородская, А. Сербенко, Н. Трофимова, Е. Подлубная («Ұмай» балалар көркемөнер мектебі); Д. Гаитова, А.Сатыбалдина (Студия Рисунка, Живописи и Творчества «In ART»); А. Тюлеубаева («By ART» шеберханасы); Л. Саванькина («Подснежник» және «Вдохновение» Туран мектеп-лицейі студиясы);  Л. Дроздова, И. Гущин («АРТ-Мастерская» Лидия Дроздованың шеберханасы); Г. Кабижанова («Palitra-izo» шығармашылық студиясы); Л. Логвинова («Веселая ромашка»); Д. Мертенова, И. Соколова, С. Ибраева («Творим вместе»жобасы, «Ты – художник» шеберханасы); М. Гришина, М. Абдуллаев (83 мектеп-гимназиясы); Н. Приходченко (Алматы қ. Халықаралық мектебі, Н. Назарбаев білім беру қоры); А. Кобрина («МАРТ» Арт-студиясы, №5 мектеп-гимназиясы); Е. Исакова («Да Винчи»); «Божья коровка»; А. Астахова («INDIGO»); «Simpli art studio»;  Н. Кухаренко.

 Фестиваль аясында барлық келушілер арасында ел, қала тарихы туралы викториналық ойындар мен байқаулар ойнатылады: «Бұл не, ол қайда?» слайд-викторинасы, «Әкем, анашым, мен – ең керемет отбасы» атты жеке тапсырмалары бар байқаулар: «Музей гүлі құлпырғанда», «Шығыс аруы», «Біз – музейсүйер отбасымыз», «Біздің отбасымыздың ерекшеліктері», «Мейрамдар әртүрлі болады. Мен бастауындамын...», «Мені түсін».

 Музейге келушілерге тегін экскурсиялар жүргізіледі. «Неге ол қызықты?», «Е. Сидоркин шығармашылығының тарихы мен кереметтілігі» («Арт-группа Апрель» өнер мектеп-студиясынан лектор, Наталья Ковтун); аса қызығушылық танытатын тематикалық тапсырмалар: «Қазақстанның Қызыл Кітап беттерінен», «Ортағысырлық керамиканың бейнелік декорына жаңа көзқарас», «Бүгінгі күн – ертеңгі тарих» және тарихи квестер: «Археология және полеонтологияға саяхат», археология, палеонтология және этнография бойынша белгілі бір тапсырмалар орындалатын  «Апамның сандығындағы тарихи заттар» жобасы. Саяхатты жақсы көретін отбасылар паспорт алып, музейдің экспозициялық  залдарын аралап, арнайы ұйымдастырылған «Қазақстан тарихы лабиринті» ойынын ойнап, музейдің естелік сыйлықтарын ала алады.

Фестивальда «By ART» (жет. А. Тюлеубаева) «Матаға жазу салу» перфомансын өткізеді. Оған «Менің отбасым, менің қалам – Алматы» көрмесінің авторлары: суретші-ұстаздар қатысады.

 Бұл іс-шараға келген барлық келушілер үшін, қөлөнер түрлері бойынша Қазақстанның белгілі қолөнер шеберлерінен шеберлік сабақтары өтеді.  Сондай-ақ, О. Таңсықбаев атындағы Алматы қалалық сәндік-қолданбалы өнер колледжі студенттері мен оқытушылары: Мария Кураждан декупаж; Ирина Виноградовадан зергерлік бұйымдар; Яна Коваленкодан ағаш өңдеу; Алматы қ. Жапондық Ичиков Үйінен жапон тілінің ерекшеліктері, каллиграфиясы, тэмари техникасы туралы; Ирина Ибадильдинадан әйнек өңдеу техникасы «фьюзинг»;  Azhar_Jewelry сауда белгісінен тоқыма әдістері, Ирэн Голотовская мен Лейли Дузеновадан әшекей бұйымдары мен ьоқыма өнері және т.б.

Музей қонақтарын шеберлік сабақтарымен кішкентай шеберлер таңқалдырады: шебер Есалы Айбибі (6 жас), авторлық 45 қуыршаққа арналған киім ұсынатын дизайнер Миргородский Артем (11 жас)  - қыштан сувенирлер жасау тәсілін ұсынатын шеберлік сабағы.

Арнайы фестиваль үшін, «Aрт-группа Апрель» (көркемдік жетекші Н.Ковтун) «Жасырын сурет» атты интерактивті бағдарламасын әзірледі, «Аll in dance» (худ.рук А. Алибек) студиясы балалар мен ата-аналарға билеу өнерін үйретеді, «Qazaq animators» аниматорлары және «Мако» орталығы музейдің кішкентай бүлдіршіндерін ойнатады.

Бұл күні музей қонақтарына түрлі кеңестер беріледі: психолог (Алия Четин), психолог астролог (Елена Ежкова); сондай-ақ, білім беру орындары, балаларға арналған интеллектуалдық, шығармашылық орталықтар өз мекемелерін таныстырады: «Арт-группа Апрель» өнер мектеп студиясы, «Advance» интеллектуалды дамыту орталығы, «Лукоморье» балалар клубы, «Яблоко» шығармашылық академиясы, «Радость» дамыту орталығы.

 Фестиваль аясында музей 2 акция өткізеді – «Отбасылық жәдігерді музейге сыйла» және «Барлығы да отбасы мен үйге!». Бұл акцияда әртүрлі компаниялардың өнімдері ұсынылатын болады.   

 Іс-шараға келген барлық музей қонақтарына бүл күн – викториналық ойындар, квестер, алғыс хаттар мен дипломдар, естелік сыйлықтары және де көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды.

 ҚР Мемлекеттік орталық музейі сағат 11.00-17.00 аралығында барша қауымды «Отбасымен музейге!» атты фестивалінде күтеді. Кіру және экскурсиялар тегін.

 

        

        

 

       

 

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір