• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 14:25:02
Алматы
+35°

20 Мамыр, 2019 Спорт

Қырғыздардың сүйіктісіне айналған қазақ көкпаршысы (видео)

Қырғыз командаларында бірнеше мәрте ойнаған оны Алатаудың арғы бетіндегі көкпар жанкүйерлері ерекше құрметтейді.

Көкпар – ықлым заманнан қырғыз бен қазаққа ортақ ойын. Бірақ, білекті де жүректі, тақымы тастай нағыз ер азаматтардың спорты саналатын көкпар төңірегінде қырғыз бен қазақ арасында даудың көп екені жасырын емес. Қазақ "көкпардың түп тарихы бізден басталған" десе, қырғыз ағайындар «жоқ, көкпар емес бұл ойын ежелден "көкбөрі" аталған және түп төркіні бізден бастау алады" деп қарсы уәжін айтады. Ал соңғы жылдары қазақ пен қырғыздың көкпар төңірегіндегі бітіспес дауына командалық көкпар ережеcінің өзгеріске ұшырауы қосылды. Айта берсек, таусылмайтын түпсіз дау. Qamshy.kz тілшісі дауды айтып, дүйім жұртты дүрліктірмей, қос елге ортақ осы спортқа өлшеусіз үлес қосып жүрген көкпаршы туралы  айтып өтуді жөн көрді.

Видеода салымды болған көкпаршы - Мейіржан Мәтжан. Оның есім көкпар сүйер қауымға жақсы таныс.  Соңғы жылдардағы командалық көкпардың ең үздіктерінің бірі саналады. Мейржан елімізде Алматы облысының, Тараздық "Әулие-Ата" командасының намысын қорғаған. Сонымен қатар, ол Қырғыз еліндегі көкпар бәсекелерінде де бой көрсетіп жүр. Қырғыз командаларында бірнеше мәрте ойнаған Мейіржан Мәтжанды Алатаудың арғы бетіндегі көкпар жанкүйерлері ерекше құрметтейді. 

Жуырда ғана Мейіржан Матжан Бішкекте өткен жарыста Қырғыстанның "Келешек" командасына ойнап бірінші орын алды. Сол жарыстан кейін қырғыз журналисіне берген сұхбатында ол өзін айыр қалпақты ағайынның жақсы қабылдағанын айтып, алғысын білдірді. 

Көкпар - бірінші кезекте спорт. Ал спортта шекара болмауы тиіс. Сондықтан, қырғыз-қазақтың арасын алыстатпай, ортақ спорттың көсегесін көгертіп жүрген Мейіржандай көкпаршыны тек қолдау керек шығар...

 

Мият Кәшібай

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір