• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 14:04:00
Алматы
+35°

19 Қазан, 2018 Аймақтар

Қазпошта еліміздегі электронды сауданы дамытуға үлесін қосуда

16 қазан күні «Қазпошта» АҚ ұйымдастыруымен Елорда тұрғындарына арналып «E-commerce Meet UP» өткізілді

16 қазан күні «Қазпошта» АҚ ұйымдастыруымен Елорда тұрғындарына арналып «E-commerce Meet UP» өткізілді.

Meet UP-та электронды саудадағы кәсіпкерлерді қызықтыратын трендтер жайында айтылды.

Шара барысында спикерлер интернет маркетингке салыстырмалы талдау жасап, негізгі ұғымдарымен таныстырды. Соның ішінде landing page, интернетте сату қызметері мен құралдары, таргеттік жарнамалар.

«Қазпошта» АҚ электронды сауда департаменті директорының айтуынша негізгі мақсат электронды саудамен айналысатын серіктестерді іске шақыру, осы арқылы электронды сауда нарығын алға шығару.

«Біз бүгін e-commerce орталығындамыз. Бұл жалпы айтқанда интернет бизнеспен айналысатын кәсіпкерлерге қызмет көрсету бөлімшесі. Қазпошта әрдайым бұл жүйені логистика ретінде ұсынып отырды. Енді біз нақты бизнесті дамытуға бел будық. Яғни өзіміз емес, керісінше осы салада жұмыс жасауға құлшыныс білдіретін кәсіпкерлерді тарту арқылы. Дәлірек айтсам  өзгелерді тарту арқылы Қазақстандағы электронды сауданың өркендеуіне үлес қосу. Ол үшін электронды сауда қызықтыратын серіктестерді шақырып, осы орталықта оларға интернет-дүкендер, маркетинг, сату бөлімімен таныстыратын жиындар ұйымдастырып отырамыз», – деді Мұстафин Сұлтан.

Сонымен бірге шарада аталған орталықтың білікті мамандары кәсіпкерлерді өз қызметтерімен таныстырып, тереңдетілген кеңес алуға шақырды.

«E-commerce орталығының жұмысы кәсіпкерлерге бағытталған. Біз сіздерге келесі қызметтерді ұсынамыз: интернет маркетингті басқару, аутсорсинг бухгалтері, CRM жүйесі, сату бөлімі, онлайн сату бойынша өз сайтын құру. Сізге ыңғайлы болу үшін көрші залда мамандар отырады және олар сізге кеңес беруге дайын», – деді E-commerce жобасының жетекшісі Дүйсенбаев Еркебұлан.  

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір